Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-14
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

“Қалағаныңша түсір”. Қазақстан “үлкен киноны” белсенді қаржыландырып жатыр

243

Өзіміздің, отандық

Кинозалдар статистикасы бұған дәлел: қазақстандықтардың көбі отандық таспаларды таңдайды. 2018 жылы 17,8 млн көрерменнің 14,7 млн-ы (82%) шетелдік фильмдерге, ал 3,1 млн адам (18%) — ұлттық толық метраждарға барды. Биылғы жылдың алдын ала есептеулеріне сәйкес, 2019 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық киноның жанкүйерлері 25%-ға жетуі мүмкін. Мұны отандық киноиндустрияның сөзсіз жеңісі деп атауға болады. Бес жыл бұрын Қазақстандық фильмдерге көрермендердің 7-8%-ы ғана баратын — бұл көрсеткіштің өзін киносыншылар елеулі жетістік деп санаған.

Қазақстандық көрермен біртіндеп отандық киноға ауысуда. Бұл үрдіс кездейсоқ па?

Жылына 146 фильм?!

Қазақстандық таспалардың деңгейі онжылдықта бірнеше есеге өсті дегенді көптеген танымал сыншылар атап өтеді. 2000 жылдары Қазақстан әлемдік кинофестивальдерде “Сталинге сыйлық” сияқты жеке ленталармен ғана лауреат атанған болса, соңғы жылдары ең беделді кинофестивальдарде топ жарған картиналардың шоғыры пайда болғандай. Қазақстандықтардың көңілінен шыққан “Районы”, “Сказ о розовом зайце” сияқты туындыларды айтпағанда, атақты “Көшпенділерден” бастап атышулы “Қызғалдақ” фильміне дейін әлемге таралды. Әсіресе, соңғы уақытта түсірілген жаңа киноленталар сұранысқа ие. Көрермен қазақстандық фильмдерді таңдап баратын дәрежеге жетті. Сонымен қатар, шетелдік өмірді емес, өздері жайлы, шынайы өмір жайлы сапалы фильмдерді көре алатын дәрежеде. Әрине, отандық кинолента сапасының өсуіне ықпал еткен факторлар туралы көп айтуға болады, бұл туралы ондаған сарапшы, сыншы, өнертанушының пікірін тыңдап, ауқымды тақырып қозғауға болады. Бірақ оны қазбаламай, басқа тұрғыдан қарайтын болсақ, кез келген елдің киноиндустриясының деңгейін анықтайтын бір басты фактор бар. Ол — ақша.

Заманауи Қазақстанда мықты жеке кинопродюсерлік орталықтар бар. Әрқайсы жоғары деңгейдегі картиналарды түсіреді. Бірақ мұндай жобалар саусақпен санарлық. Продюсерлер кез келген режиссер немесе сценаристпен емес, идеясы прокатта жылдам әрі сенімді кассалық табыс әкелетіндермен ғана жұмыс істегісі келеді. Режиссерлердің көбі мемлекеттік қаржыландырудан үмітті. Және бекер емес.

Жақында, 31 қазанда ҚР Мәдениет, туризм және спорт министрлігі жанындағы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығынан екінші жыл сайынғы питчингке (яғни қаржыландыруға ие болуға арналған конкурс) өтінімдер қабылдау аяқталды. 200-ге жуық өтінім келіп түсті, олардың 146-сы қарауға қабылданды (конкурстың барлық талаптарына сай келетіндер). Орталық басшысы мен сараптамалық кеңестің төрағасы, танымал режиссер және кинопродюсер Гүлнара Сәрсенова атап өткендей, “бұл киножобалардың басым бөлігі қажетті қаражат алып, көбі қазақстандық кинодағы жаңа жарқын жобаларға айналады”.

80-ге 20: “бұл нағыз мереке”

Қазақстанда кино саласында дамушы елдерде өте сирек кездесетін, ал дамыған елдер үшін тіпті оғаш саналатын мемлекеттік саясаттың қызықты бір ерекшелігі бар. Бұл мемлекеттік қаржыландырудың орасан мүмкіндіктері. Яғни, егер жоба шын мәнінде дарынды және қызықты болса, режиссер мен продюсер толық метражды фильмге 100% бюджет ала алады. Әрине, киноны мемлекеттен қаржыландыру — бұл әлемде сирек кездесетін жағдай емес, әсіресе КСРО заманынан бері жалғасып келе жатқан посткеңестік елдердің “дәстүрі”. Бірақ басқа көршілес елдерде қолдау дәл Қазақстанда сияқты ауқымды емес.

Қазақстан Мәдениет министрлігінің осы саладағы саясатының ерекшелігі — фильм бюджетіне 100% мемлекеттік ақша құйылса да, продюсері мен кинотоп прокат кезіндегі кассалық жиынның 80%-ын (“box-office кірісі” деп аталады) алады. Кассалық жиынның тек 20%-ы министрлікке шығындарды толықтыру және басқа картиналарды қаржыландыру үшін қайтарылады. Салыстыратын болсақ: Ресейде фильм бюджетінің қанша үлесін қаржыландырса да, мемлекет кассалық жиынның 50%-ын қайтарып алады. 5 пайыз қаржы құйса да, “бокс-кеңсенің” жартысы ресейлік Минкультке аударылады. Көріп отырғанымыздай, мұндай схеманың өзінде заманауи ресейлік кино өте жоғары деңгейде.

Ал бізде — 80-де 20. Бұл нағыз мереке емей немене?

Әлбетте, біздің кинопродюсерлеріміз, режиссерлеріміз, актерлеріміз жауһар фильмдер түсіріп, ресейліктерден әлдеқайда көп табыс табуға мүмкіндігі бар. Мұны пайдаланбау — күнә. Соңғы уақытта Қазақстанда “кинотусовка” жанданып жатқаны бекер емес. Бұл салада өмір қайнап жатыр. Екінші питчингке қарауға қабылданған 146 фильм түсірілімге дайын және қаржыландыруға мақұлдауды күтіп жатыр. Олардың барлығы сараптамалық кеңесте конкурстан өтпейтіні түсінікті, тіпті жартысы да өтпеуі мүмкін. Министрлікте 30-40 картинаны ғана бекітіп, қаржыландыратын болса да, Қазақстан үшін бұл өте ауқымды. Бұл кино саласында шынайы таланттарды ашуға, шын мәнінде классикалық картина жасауға және қомақты ақша табуға мүмкіндік.

Мұндай модель – картинаның бюджет құрылымындағы мемлекеттік ақша үлесіне қарамастан 80% кепілді касса Министрліктің жаңа басшылығымен жақында енгізілді. Гүлнара Сәрсенова атап өткендей, оның нақты мақсаты бар: талантты режиссерлер мен актерлерді шын мәнінде жоғары дәрежелі кино түсіруге ынталандыру. Талантты фильм жасасаң – бюджеттен ғана емес, кассалық жинақтан да пайда табасың.

Бұл тәсіл өз әсерін бере бастады: шығармашылық топтар мен продюсерлер министрлікпен белсенді ынтымақтастықта болуды қалайды. Көптеген фильмдердің бюджеттерінде жеке ақша да жетерлік, кейде ол бюджеттің ¾-ін құрайды. Бірақ мемлекеттік қолдау әлі де өте маңызды. Мемлекеттік қаржыландыру қажет болған жағдайлар да бар. Мысалы, жақында бір фильм эпизодттарының бір бөлігін Германияда түсіру қажеттігіне байланысты бюджетті айтарлықтай арттыруға тура келді. Фильмнің негізгі бөлігін жеке қаражат есебінен түсіру мүмкіндігі болғанымен, Германияның таңдаулы жерлеріндегі эпизодтарды түсіру үшін шығармашылық топ Мәдениет министрлігінің қолдауына жүгінген.

Есесіне картина бюджеті аз фильмнің “ауруларынан” аман, шынайы фильм болып шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз