Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қайынсіңілім балалы-шағалы еркекпен көңіл қосып жүр

Қайынсіңілім өзі сүйкімді, еңбекққор жақсы қыз. Мен оның бағы ашылып, жақсы бір отбсына келін болғанын қалаймын. Сондықтан да мен онымен ашық сөйлесіп, жеңгесі ретінде кеңесімді бергім келген.

Кездейсоқтық десе де болатын шығар, мен қайынсіңілім сөйлесіп жүрген жігіттің отбасылы, балалы -шағалы екенін біліп қалдым. Біздің қыз оның отбасылы адам екенін біле тұра одан бас тартқысы жоқ. “Ол мені жақсы көреді, әйелімен ажырасады” деп қояды. Ол өзінің еріккен еркектің ермегі болып жүргенін түсінгісі келмейді. Мен оған ақылымды қалай айтсам да тыңдағысы келмеді. Оны райынан қайтара алмасымды білген соң, ағасына айттым. Жолдасым қатты ашуға булықты. қандай аға өз қарындасының балалы-шағалы еркекпен көңіл қосқанына бейжай қарайды дейсіз.

Күйеуім қарындасына қатты ұрысты, екінші ол жігітпен жүргеніңді еститін болсам, өз қолыммен өлтіріп тастаймын деп айғайлады.

Өз әйелі бола тұра жас қыздардың басын қатыратын еркектердікі не қылық осы. Күйеуімді сабырға шақырып, ақылмен түсіндір десем де, ашуға жеңдірді. Содан бері қайынсіңілім маған бұрылып та қарамайды, қатты өкпелеп қалды сырын ашқаным үшін. Бірақ мен үндемей жүре берсем, ертең не болатынын құдай біледі. Сонықтан күйеуіме айтқан едім. дұрыс түсініңіздерші!

Аноним
Дереккөз: alashainasy.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз