Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қайын атасы пышақтап өлтірген келіншек бүгін жер қойнына тапсырылды

111

Ал Ақеркенің туыстары құқық қорғау органдарынан әкесі Саят Қозыкешовте қалған жиен немересін алып беруді талап етіп отыр.

Ақерке небәрі 27 жасында қайын атасының қолынан қыршынынан қиылды. Оралда болған қанды оқиғадан кейін, оның мүрдесі араға алты күн салып Семейге ұшақпен жеткізіліп отыр. Ең өкініштісі, жаназаға жиналған дүйім жұрт онымен дұрыстап қоштаса да алмады. Өйткені күдікті Асылбек Омаров оны адам танымастай етіп тастаған. Ол келінін алғашында тұншықтырып, ұрып-соғып, артынан пышақтап, денесінің сау-тамтығын қалдырмапты. Сондықтан ақтық сапары алдында сүйегін жууға ет жақындарына ғана рұқсат етілді.

Енді марқұмның артында  жер бауырлаған ана, қайғыдан қабырғасы қайысқан жақындары мен екі баласы қалды. Туыстарының ендігі бар арманы – Ақеркенің бұрынғы күйеуі Саят Қозыкешовте қалған бір жарым жастағы жиен немерелері Әлішерді өз тәрбиелеріне алу.

“Саят  бұрын екі рет сотталған. Әкесі де отырып шыққан. Олар  баланы қалай тәрбиелейді? “Зектің”қолына бермейіз. Қайтарсын баланы”, – деп ашынды марқұмның туыстары.

Алайда құзырлы орын өкілдері кішкентай баланы бірден тартып әпере алмайтынын жеткізді. Себебі, анасы көз жұмса, бала әкесінде қалуы керек екен. Оның үстіне Саят әкелік құқықтан да айырылмаған.

“Неке заңына сәйкес, ата-анасымен қатар жақындарының да баламен сөйлесіп тұруға құқығы бар. Сондықтан олардың немересімен араласа беруіне болады. Бірақ мұны біз қатаң бақылауға аламыз”, – дейді  Орал қаласы білім бөлімінің қамқорлық және қорғаншылық бөлімінің бас маманы Ақмарал Ұлықпанова.

Енді мамандар Саят Қозыкешовтің тұрмыстық жағдайына жіті тексермек. Оның баланы бағып-қағуға шамасы жете ме, жетпейме толық анықтаймыз деп отыр. Сондықтан, қара жамылған отбасына әліптің артын бағудан басқа амал жоқ.

Айта кетейік, екі арадағы жанжал да осы баладан басталған болатын. Саят пен Ақерке ажырасқанан кейін, енесі мен бұрынғы күйеуі кешірім сұрап келіп, бір жарым жасар Әлішерді Оралға алып кеткен. Ал осыдан кейін баласын Семейге  әкелуге барған ананы қайын атасы жалдамалы пәтердің бірінде өлтіріп тынды. -Ол немересін бергісі келмегендіктен келінін өлтіргенін айтып полиция қызметкерлеріне өзі берілген. Қазір қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірақ Ақеркенің жақындары оның бұл қылмысты жалғыз жасағанына мүлдем сенбейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз