Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қайтар қарызымды!”. Қабатовтың әйелі тікелей эфир арқылы қоқан-лоқы көрсетті

Таңғы бағдарлама кезінде Мөлдір Мұқанова танымал біреуден ақшасын ала алмай жүргенін айтқан. Тіпті, тікелей эфирді пайдаланып, егер ол адам қарызын қайтармаса, атын айтып, жұртқа әшкерелейтінін де жеткізген.

 

 

https://kaz.365info.kz/khabatov-ajeline-khoj-de-tyrsynbektin-zhybajy-artykh-khylam-dep-tyrtykh-khyldy-313415

“Жұлдызды жаңалықтар айдары болса керек, журналист соңғы жаңалықтардан хабар беріп жатыр. Гүлнұрдың бауырсақ пісіргені және оның “Тың” идея екенін айтып келіп, әңгімені Тұрсынбектің Мөлдірімен өрбітті.

Шай дайындап жүріп, бас жағын естімей қалыппын (қап!), қысқаша былай: “… өте танымал адам ауыз толтырып айтатындай қомақты ақша алды да, сонысын мойындамай жүр…. керек болса, алдағы уақытта аты-жөнін толық айтамын сіздерге”, – деді.

Оразымбетованың тікелей эфирге тікелей қатысы барын білгендіктен, оның “бауырсағын жеп қойдық”.

Ал, мынау не? Қашаннан бері біреудің біреуге аласы-бересі, қарызы мемлекеттік маңызды мәселеге айналған?

Елдің ішкі не сыртқы қарызы ма еді ол? Әлде телеарна арқылы көрсеткен дөң-айбаты ма?”, – деп жазды жуналист өзінің Facebook-парақшасында.

 

https://kaz.365info.kz/tyrsynbek-khabatovtan-ajnymajtyn-almatylykh-khyz-ogan-nesine-namystanam-foto-313939

 

Сондай-ақ Қалдарбекова ұлттық арнаны жеке бас мәселесін қозғайтын коммерциялық арнаға айналдырмауды өтініп, арна басшылығынан эфирді қадағалауды сұрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз