Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қайраттың бетіне айтам”. Мейрамбек Беспаев не дейді?

134

Ол өзін Қайратты жерден алып, жерге салып жамандағандардың қатарына қоспайтынын айтты.

“Жо-жоқ. Құдай сақтасын, мен біреуді жамандаудан аулақпын. Көбінесе мен өзіне айтқанды жақсы көремін. Теледидар арқылы, ұрысып, сынап, ақылды болып көріну дұрыс емес деп ойлаймын. Қателері болсын, сын болсын, көзге көрініп қалған нәрселер болса оны өзіне, сыбырлап айтам деген сияқты”, – дейді ол.

Сонымен бірге әнші еліміздегі әншілердің шектен тыс көбейіп кетті деп сынайтындарға да өз пікірін айтты.

“Кейде концерт қаптап кетті, әнші қаптап кетті деген сияқты әңгімелер айтылып жаптады. Бірақ ол заманның тыныштығына байланысты. Оған қуану керек, қарынның тоқтығына қуану керек. Мұндай заман қазақтың басына ешқашан келген емес.

Осындай концерттерден құдай айырмасын. Әрине елге ештеңе бермейтін әндер де бар. Тәрбиелік мәні жоқ. Бірақ көш жүре түзеледі деп ойлаймын. Меніңше, олардың көрермендері аз, себебі адам баласы түптің түбінде жақсылықты аңсайды”, – дейді Мейрамбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз