14 сәуірде поп-музыка ханзадасының жұбайы 31 жасқа толды. Туған күніне орай Қайрат Нұртас құттықтау арнап, Жұлдыз Әбдікәрімоваға сезімін жеткізді.
Қайрат Нұртас жұбайына үлкен роза гүліп сыйлап, бірге түскен суретін жариялап, жантебірентер сөздер арнады.
“Анамнан кейінгі үйімнің жәннәты, берекесі, мәңгілік маxаббатым Жұлдызым, туған күніңмен! Алланың берген өмірін бақытты етіп сүруімізді маңдайымызға жазсын! Екі дүниеде де бірге болуды нәсіп етсін! Бұл өмірде барлығы “идеально” болуы мүмкін емес, әрине, бірақ өзіңнің ақылдылығыңмен, сабырлығыңмен, көркіңмен одан әрі өзіңе ғашық етіп жүрсің! Шын жүрегіммен сүйем сені Жұлдызым! Мәәә, 30 дан кейін осындай сөздер шығып, көңілшек болады екенсің деп жылап жіберсең! — деп жазды Қайрат Нұртас.