Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Қайран ақша…”. Банктер Зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге алмақ

Банктегілердің мәліметінше, бағдарламаға меншікті капиталы 60 миллиард теңгеден асатын банктер қатысады.

“БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін банктердің облигацияларына инвестициялау бағалы қағаз шығарылымының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде Қазақстан қор биржасының сауда алаңында жүзеге асырылатын болады.

Облигацияларды қосымша орналастыру шеңберінде, яғни басқа инвесторлардың міндетті қатысуымен ғана сатып алуға болады. Ұсынылған тетік нарыққа қатысушылардың облигациялар бойынша кірістіліктің нарықтық мөлшерлемелерін айқындауына және эмитенттерге шоғырлану тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді”, – деді банк өкілдері.

Осы бағдарламаны орындау барысында Қазақстан Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге облигациялық бағдарламаға қатысуға ұсыныс жіберді, оған банктердің көпшілігі қызығушылық танытты.

Бүгінгі күні жоғарыда көрсетілген облигациялық бағдарлама шеңберінде “Банк ЦентрКредит” АҚ алғашқы болып зейнетақы активтерінің есебінен Қазақстан қор биржасында 3,6 жыл өтеу мерзімімен және жылдық 12 пайыздық кірістілікпен облигацияларды орналастырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз