Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қайғы жұтқан ана: Оқушылар Интернеттің емес, мектептегі әлімжеттіктің құрбаны болуда

135

Қайтыс болған 11-сынып оқушысының отбасы дуал мен моншаның арасындағы жолмен жүруден қашады. Себебі ол жер кіші ұлдың қайтыс болғанын еске түсіреді.

«Ол жақсы бала болатын. Біз онымен дос болып үлгермедік. Ол екі апта бұрын ғана біздің сыныпқа ауысып келген. Өкінішке орай ұзақ араласа алмадық. Қайлығы оқиғаға дейін бір күн бұрын оны көргенімізде, ол көңілді жүрген болатын»,-дейді Ерсұлтанның сыныптасы Дмитрий Шмельков.

https://kaz.365info.kz/telefonda-kop-otyrma-ata-anasynan-eskertu-algan-okhushy-asylyp-khaldy-299340

«Біздің мектепте қатарластарынан немесе басқа сыныптағылардан ақша талап ететіндей жаман әдет жоқ. Мектебімізде ондай жағдай ешқашан болмаған. Керісінше, 11-сынып оқушылары ҰБТ-ға айындық үстінде. Бірнеше ай бұрын психологтар тест тапсырмаларын алған. Сол кезде де балаға қатысты ешқандай күмән тудыратын деректер болмады», – дейді мектеп директоры Берікбай Михеев.

Алайда, туыстарының айтуынша сол күні бала мектептен көңілсіз келіпті. Ол тестілік сынақтан өткен жоқ. Анасы тестке деп 700 теңге берген екен. Бірақ Ерсұлтан ол ақшаны мектепке өткізбеген.

https://kaz.365info.kz/ote-tyjykh-edi-akhtobe-mektebinde-okhushy-koz-zhymdy-292307

Баланың анасы Ерсұлтанның бірнеше рет әкесінен 3 мың теңге сұрағанын есіне түсірді. Бірақ ол ақшаны не істейтінін айтпайтын. Анасының айтуы бойынша, оның ұлынан біреулер үнемі ақша талап етіп жүрген.

«Мектепте 11-сынып оқушылары ақша жинатады. Олардың өзінің мафиясы бар. Менің ұлыма 3 мың теңге алып кел деп қорқытқан.

Егер уақытында әкелмесе, күнде 100 теңгеден алып отырамыз деген. Нәтижесінде, балам оларға 15 000 теңге беру керек болған. Мафияның атаманы осы сенбіде ақша болмаса, атып өліремін деген»,-дейді Ерсұлтанның анасы.

Айта кетелік, соңғы кездері оқушы балалардың өз-өзіне қол жұмсау фактісі жиілуде. Министрлік мұны әлеуметтік желіде пайда болған қауіпті ойынмен түсіндірігісі келіп, мектептерге ескерту жасаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз