Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Жым болды”. Денис Тенді жамандап басы дауға қалған мұғалімнің әріптестері шындықты айтты

166

 

https://kaz.365info.kz/tilinen-tapty-denisti-oltirgenderdi-madakhtagan-mygalim-sottalgaly-zhatyr-324793

Мектеп директорының айтуынша, алдағы уақытта Шерхан Байзенов бұл мектептен жұмыстан шығады.

“Ол мектепте енді жұмыс істемейді. Бірақ қазір оны жұмыстан шығара алмаймын. Қылмыстық іс ашылды, процесс жүріп жатыр, оны жұмыстан шеттете алмаймын. Барлығы уайымдап: “Ол осылай жұмыс істей бере ме? Неге жұмыстан қумайсыз?” деп сұрап жатыр. Тергеу аяқталған соң, мен шара қабылдаймын”, – деді Азамат Максимұлы.

Шерхан Байзенов 12 тамызға дейін еңбек демалысында екен. Қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Бұл мектепте Байзенов 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді екен, ол Оралдағы колледжді тәмамдаған. Әріптестерінің айтуынша, Байзенов кейін кешірім сұрап, видео жариялаған.

Ал қазір 25 жастағы мұғалім ұлтаралық алауыздық тудырды деп жауапқа тартылуы мүмкін. Мұның алдында Шерхан Байзенов жұмыстан шығуға дайын екенін мәлімдеген.

 

https://kaz.365info.kz/sozakhtagy-symdykh-kyjeui-olimshi-etip-sabagan-19-zhastagy-zhansaya-zhogalyp-ketti-325009

Еске салайық, Денис Тен 19 шілдеде автоұрылардың қолынан қаза тапқан еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз