Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қайдағыны айтпаңыздар”. Мақсат Үсеновтің “сүйіктісі” мәлімдеме жасады

Кейін қыз парақшасында Мақсат Үсеновпен бірге түскен суретін жойып жібереді. Бірақ әлеуметтік желідегі басқа суреттеріне қарағанда ол қыз шалқып өмір сүретін көрінеді. Жалаңаш суреттерін қымсынбай салатынына қарап, кейбір тілшілер: “Ол байдың балаларына қызмет көрсететін қыз” деп болжап та жазып жіберген.

Араға көп уақыт салып суреттегі  Аделя Ким өзінің Үсеновке еш қатысы жоқтығын түсіндіруге бел буыпты. Ол Үсеновті жақсы танымайтынын айтып, бұл жайтты түсіндірді. Сурет 2015 жылы түсіріліпті. Қыз Мақсат Үсеновті бір-ақ рет көргенін, онда да онымен бір сағаттай бірге болғанын айтады.

https://kaz.365info.kz/ashy-shashy-kiingen-atyshuly-ma-sat-senovti-yzy-a-sha-a-shomylyp-zh-r-233285

“Менің досым өзінің ағасымен бірге келді, ол Мақсат екен. Бәріміз бірге қыдырдық. Мен суретке түсіп, Инстаграмға салып жібердім. Екі сағаттан соң небір ашулы пікірлерді көрдім. Көптеген БАҚ менің рұқсатымсыз суретті алып, басқаша ақпарат жазып жіберген”, – деді деп хабарлады NewTimes.

Мақсат Үсенов 2013 және 2014 жылдары Алматыда аса ауыр жол апаттарын жасап, адам өліміне де себепші болған еді. Бірнеше тәулікке қамалып, жазаланғанына қарамастан оның тәртіпсіз әрекеттері тыйылмай тұр. Жақында ол “Эйр Астана” ұшағында шуы шығарғаны, қарызын төлемей шет елге ұшқаны үшін тағы да даудың астында қалды. Оны Алматы қалалық соты 10 тәулікке қамап тастаған. Кейін бостандыққа шыққанына қарамастан сот оны 28 маусым күні қайта қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз