Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қайдағы идеология? Қазіргі қазақстандықтар өзін ғана ойлайды” — әлеуметтанушы

177

Негізінен, бәрі жақсы болар деген үмітте. Иә, айлығының аздығына, қымбатшылық пен жұмыссыздыққа жыны келетіндердің қарасы мол. Алайда тұрақты жұмыс пен тәуір жалақыға жеткен жандар ертеңге сеніммен қарайды.

Бірақ ертең анау-мынау жағдай туа қалса – үкіметтен еш қайыр болмайды, тек өзіме ғана сенуім керек деп санайды.

Билікке, әкім-қараларға сенбейді. Соңғы бірнеше жыл бойы солай.
https://kaz.365info.kz/bizdiki-yrlykh-ideologiyasy-otandy-syyudi-khytajdan-yjrenu-kerek-pe-283088
Иә, мынау әлеуметтік желілерде әкім Байбек пен Исекешевтерді халық жерден алып жерге салып жатады ғой.

Әлеуметтік желілер – бөлек әңгіме. Онда халықты тым аз-ақ бөлігі отыр.

Қазақстанның ең қызық тұсы – халықта билікті тікелей сынау әдеті жоқ. Тек жекелеген жағдайларда ғана ел-жұрттың көңілі толмайтыны байқалады. Мысалы, Жамбыл облысында жүргізілген сауалнамада халықтың тең жартысы әкімге жақсы баға берді, бірақ шын мәнінде қай саланы алсаңыз да, халықтың көңілі толмайды. Солай. Әкімге жоғары баға қояды, ал жалпы өзінің өмір сапасын төмен бағалайды.

Қызық екен. Тіршілігіміз төмен, бірақ әкіміміз жақсы дей ме?

Иә, қоғамның көңіл-күйі осындай.

Ең ашулы адамдар Алматыда тұра ма?

Алматылықтар мінезін көбірек көрсетеді. Өйткені олар ірі мегаполисте тұрады. Ең көп халық осында. Халықтың табысы жағынан да ең үлкен алшақтық Алматыда. Сол себепті халықтың көңіл толмаушылығы барлық салада білінеді. Біреудің баспанасы жоқ, біреу коммуналдық тарифтер қымбат деп зар қағады, біреу көлігін қоятын жер таппай жынданады. Осылайша бәрі қосыла келе халық ашулы болмағанда қайтеді?! Өзге өңірлерде мұндай қаптаған көп мәселе жоқ. Содан шығар, өзге өңірлер Алматыға қарағанда тыныш келеді.

Қазақстан халқы неден қорқады?

Ең үлкен қорқынышы – күрт кедейлік. Халықтың 60 пайыздан астамы осыдан қорқады. Сосын жаман кеселдермен ауырып қалудан қорқады.

Қазақстандықтар эгоист, тым өзімшіл боп барады дейсіз. Бұл енді капитализмнің белгісі емес пе?

Бұл енді жай ғана эгоизм емес, қоғам тарыдай шашылды. Әсіресе жастар сондай. Мен университетте сабақ беремін. Мысалы, сабаққа келмей қалған бала қайда деп старостадан сұрасам, ол ештеңе білмейтін болып шығады. Ол балаға не болғанын мүлдем ешкім білмейді. Жастарды өзінен басқа шкім қызықтырмайды. Бір-бірінің түрін біледі, ары кетсе атын біледі. Болды!

Баяғы советтік идеология үйреткен ұжымшылдық деген ұғым атымен жоқ. Баяғыда жойылған. Өйткені өмір сондай. Әркім өз жанын бағумен жанталасып кетті. Қазір ешкім ешкімге бостан-босқа көмектеспейді. Не істесе де ақша үшін ғана істейтін болып алған.

Біздің халық тек өте нақты бір мәселе үшін жиналуы мүмкін. Баяғы «праворулька» көлік мінгендер мен «ипотечниктер» сияқты. Мәселесі шешілген соң тарқасып кетеді. Сол жиында бірге болған адамдар басқа мәселеге келгенде бір-біріне көмектеспей қойса – таң қалмаймын. Жыл өткен сайын халық «әркім тек өзі үшін» деген ұстанымға үйреніп барады.
https://kaz.365info.kz/shydatpady-khazakhstannan-koship-bara-zhatkhan-khazakh-shyndykhty-ajtyp-ketti-300079

Қашан жақсы болады?

Ертеңгі күннен арыға ешкім қарағысы келмей ме?

Оған қарайтын мұрша жоқ. Адамдар бүгін алатын тамағы мен балаларын бүгін кешке қалай тойдырамын дегенді ғана ойлайды.

Иә, өз отбасының деңгейінен ары аса алмайды көпшілік.

Сол үшін шыдау керек дейтін жарқын болашақтың жарқын образы біртіндеп көмескіленіп барады.

Алыстағы бір арман үшін шыдап жүретін әдет аға буында болған. Қазіргілерде жоқ ондай. Сол үшін ғой, жастар шетелге кетіп жатыр. Өйткені өмір өтіп барады, ал биліктің бәрі жақсы болады деген уәделері тым сенімсіз айтылуда. Шындығында, Қазақстанда қашан жақсы болатынын ешкім білмейді.
https://kaz.365info.kz/aza-ty-zhigiti-nege-ajyrymsyz-245698

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз