Продюсер, тележүргізуші әрі актриса Баян Есентаева “Бродвей” кинопорталына берген сұхбатында автобиографиялық кітап жазуына ненің себеп болғанын айтып берді.
Продюсер кітапты зейнетке шыққанда жазуды жоспарлағанын айтты. “Бірақ артық сұрақтар болмас үшін және барлығына нүкте қою үшін қоғам мені кітапты қазір жазуға мәжбүрледі. Менің жеке өмірім көбісін қызықтырғаны соншалық олар менің жеке өміріме араласып кетті. Мен мұндай қысымнан қорғана алмаймын, жасырыну да мүмкін емес. Мені барлығы көріп жүр. Сондықтан маған адамдардың менің өзінің артықшылығы мен кемшіліктері бар, жеңген және жеңілген де, қателіктері бар қарапайым әйел екенімді түсінуі үшін кітап жазуыма тура келді”, – деп түсіндірді Баян Есентаева.
https://kaz.365info.kz/byl-khalaj-khazakhstanda-zhynys-myshesi-zhokh-800-dej-khyz-kelinshek-bar-eken-260813
“Туындыны жарыққа шығару – команданың еңбегі. Кітап жазылды, енді оны безендіру керек”, – деді продюсер. Есентаеваның айтуынша, осы уақытқа дейін кітапты экранда көрсету туралы ұсыныстар келіп түскен.
“Өзімнің өмірімді киноға бере салу, әрине, мен мен олай істей алмаймын. Содан кейін морал мен этика мәселелері бар. Кино жайлы айтатын болсақ, маған осы кітапқа фильм түсіру жайлы көп ұсыныстар келді, хит болады деп айтты. Мен оларды түсінемін. Алдымен кітаптың қалай қабылданатынын көрейік”, – деді Баян Есентаева.
Еске сала кетейік, осыған дейін Баян Есентаева кітабына қандай тақырып қоярын білмей, жұрттан көмек сұраған еді. “Достар, жақында менің кітабым шығады, бір проблема бар, тақырыбын қалай қоярымды білмеймін. Өз нұсқаларыңыз бар ма? Ұсынған тақырыптарыңыздың ішінде ұнағаны болса кітаптың таныстырылымына шақырып, автограф беремін және өз парақшама суретін саламын”, – деп жазған еді ол.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz