Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қайдағы ақша онда?..”. Тұрсын Алагөзов үйінен шығуды сұраған ұлын қатырды

Бұған өз кезегінде Тұрсынғали Алагөзов ойын былайша білдіріп, ақталуға әбден тырысыпты.

https://kaz.365info.kz/zhiberdik-khoj-bayanyna-tyrsyn-alagozovtyn-yly-akesinen-uadesin-oryndaudy-talap-etti-307858

“Мендегі бар мүлікті балаларымның атына жазғанмын – ұлым мен қызыма. Esentai кешесіндегі пәтерді алғанымызда ұлым 19 жаста болатын.

Пәтердің құны 600 миллион теңге, мен 300 миллионын төледім. 19 жастағы балада мұндай ақша қайдан? Қазір 21-де, шетелде оқиды, Қазақстанға келмейді. Ешқашан жұмыс істеген емес. Оның орнына анасы не қарындасы жазғаны түсінікті.

Әлеуметтік желіде мені бұғаттап тастағандықтан, қазір қарым-қатынасымыз жоқ”, – дейді Тұрсынғали Алагөзов.

https://kaz.365info.kz/shykh-shykh-yjden-alagozovtyn-yly-akesin-sotkha-berdi-foto-307163

Сонымен қатар, бизнесмен бұрынғы әйеліне берген компания акциялары туралы айтып берді.

“Кей БАҚ-та акцияларымның жартысын беріп, кейін даулап қайтарып алдым деп жазылыпты. Мен даулағам жоқ. 2016 жылдың аяғында бұрынғы әйелімнің атына акциялардың 43, 25 пайызын жаздым. Ажырасқалы жатқандықтан. Бұл оның талабы еді, мен орындадым. Ештеңені даулағам жоқ, бұл жалған. Бұл біздің өзара мәселелеріміз. Мұның бәрі БАҚ бетіне шығып кеткені ұнамайды. өкінішті”, – деп мәлімдеді Тұрсынғали Алагөзов.

Мұның алдында бизнесемен пәтерден шығарып тастағаны үшін ұлына ренжулі еместігін айтып, мәлімдеме жасаған еді.

https://kaz.365info.kz/betashar-zhasamajdy-khyran-okhidy-khyzylordalykh-azhej-tojdagy-symdykhty-ajtty-306052

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз