Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қайда барамыз?”. Өскеменде балалар сауықтыру орталығы жабылып қалуы мүмкін

101

Олардың айтуынша, орталықта қант диабеті, түрлі деңгейдегі аллергия сынды дертке шалдыққан балаларға барлық жағдай жасалған. Енді оны қалыпты балабақшаға айналдыру үлкен тәуекелге бел буумен тең. Себебі, үнемі назарда болуы тиіс науқастардың 35-і – оқушы.

Біріншіден, көптеген науқас бала медициналық жәрдемнен қағылса, екіншіден, қызметкерлердің жұмыссыз қалу қаупі бар.

Қордаланған мәселені Мәжіліс депутаты Азат Перуашев назарға алып, ұжыммен арнайы кездесуге келді. Үкіметке осы мәселе бойынша тағы да депутаттық сауал жолдамақ.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Кәсіподақтың өкілі айтқандай, әкімдіктің бұйрығы реорганизацияға сәйкес келмейді екен. Сондықтан олардың қорқып отырғаны ұжымның жұмыссыз қалуы. Біз осы мәселені назарға алып отырмыз. Шынын айтсақ, осындай сирек бастамаларды сақтану керек, жабу емес, жоғары дәрежеге шығару керек деп білемін.

Лариса Клостер, орталық директоры:

– Қант диабетіне шалдыққан балаға ерекше күтім керек. Оларға балалар мүгедектігі беріледі ғой бірден. Күніне инсулин қою керек. Қантын өлшеп, тамағын дұрыс беру керек. Біздің орталықта осының бәрі қарастырылған. Мамандар да тәжірибелі. Орталықты балабақшаға айналдырса, оларға қиын болады деп қорқамын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз