Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қадір түнін үйде де күтуге болады

Сондықтан да, бүгінде қорқыныш сейілді, алаңдаушылыққа жол жоқ. Десек те, денсаулық Алла Тағаланың аманаты болғандықтан оған немқұрайлы қарауды шариғат құптамайды.

Егер сол түні мешіттерде болған біреудің денсаулығы сыр беріп, әлсіздік байқалса дереу үйіне қайтып, жедел жәрдем шақырып дәрігерлерге қаралуы қажет.

Қадір түні құлшылығын тек мешітте ғана емес, үйде жасауға да болады. Дұғаның қабыл болуы үшін қай жерде болғаныңыз емес, ықыласты болу маңызды”, – дейді имам.

Қадір түні Қасиетті құранға арналған түн. Muftyat.kz сайтында осы түнге қатысты өзекті жеті сұраққа жауап жазылған.

“Қадір түні – Рамазан айының соңғы он түнінің бірі. Яғни, он түннің біріне жасырылған. Ал 27-түн – Қадір түні болуы ең ықтимал түн”, – делінген мәтінде.

“Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат – тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға-тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз оқып, садақа беру, ізгілікке ұмтылу”.

Дерек көз:Tengrinews.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз