Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы әуежайында қажылыққа аттанғандардың алғашқы легін шығарып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бес парыздың бірін өтеуге ниет білдірген алғашқы 300 мұсылман Алматы-Жидда бағыты бойынша тікелей рейспен ұлы сапарға аттанды.
https://kaz.365info.kz/khazhylykhkha-40-tan-askhandar-gana-baratyn-boldy-268446
ҚМДБ жанынан құрылған Қажылық миссиясы қажылық сапарын ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жан-жақты пысықтады. Миссия жанынан дәрігерлер, уағызшылар, ақпарат тобы құрылып, әрбіріне тиісті міндеттер жүктелді.
Қазақстан қажылары ұлы сапарға аттанбас бұрын, менингитке қарсы екпе салдырды. Сауд Арабияда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан ұсынылған дәрігерлер отандастарымыздың денсаулығын жіті қадағалайды. Ақхалаттылар ҚМДБ қажылық миссиясының медициналық көмек көрсету орталығында қажыларға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Орталықта жедел жәрдем көлігі де болады. Барлық қажы отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Биыл алғаш рет Қазақстандықтар қажылыққа бірыңғай киіммен барады.
https://kaz.365info.kz/khazhylykhkha-anasyn-arkhalap-bargan-zhigit-zhyrtty-syjsindirdi-video-271135
Ұлы сапар кезінде қажыларға гидтер жол көрсетіп, көмекші болады. Уағыз-насихат жұмыстарына білікті де білімді имамдар бекітілді.
Осы жылы қажылық сапарын аккредитациядан өткен 18 компания ұйымдастырып отыр. Олар: “Тауаф трэвел”, “Уақып”, “Яссауи”, “Сембекова и К”, “Қызмет Саяхат”, “Иман трэвел”, “Ордабасы НЖ”, “Нұр Қазақстан” қажылық компаниясы, “Хикмет трэвел” ЖШС, “Delta travel.kz”, “Хидаят-нур”, “Ансар Круиз, “Мина-Тур”, “Аль-Маруа”, “Sanabl”, “Атлас Туризм”, “Робинзон” және “Қазақ трэвел”.
Сауд Арабиясы 2500 қазақстандыққа қажылыққа баруға жолдама ұсынды
https://kaz.365info.kz/zhyl-sajyn-azhyly-a-bar-an-aza-standy-tardy-bes-altauy-mekkede-ajtys-bolady-236004
18 компанияның жұмысы Қажылық миссиясының бақылауында. Аталған компаниялар ҚМДБ мен Қажылық министрлігінің талаптарын орындамаған жағдайда, тиісті шаралар қолға алынады.