“Базар жоқ” әзіл-сықақ театрының диреторы Тұрсынбк Қабатов әріптестерімен онкологиялық дертке шалдыққан бүлдіршіннің арманын орындады.
«Бүгін тағы бір арман орындалды. Алдияр өз шығармасында спортты және КВН ойынын өте жақсы көретінін айтқан болатын. Бүгін «Қазахи» және «Спарта» командалары бейне бір сиқыршылардай болды. Олардың балаларға сыйлаған жақсы көңіл-күйі – сауықтыруға таптырмас ем», – делінген видео жарияланған Инстаграм парақшасында.