Алматы облысында 10 жасар баланы қабаған иттен құтқарып қалған Серікбек Сақайбековке қатысты ешқандай жаза қолданылмайды. Бұл туралы облыстық полиция мәлімдеді.
Құқық қорғау органдарының айтуынша, азаматтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 32-бабына сай «қажетті қорғаныс» ретінде танылған. Яғни, ол өзін және баланы нақты қауіптен қорғаған, сондықтан оның ісі қылмыс болып саналмайды.