Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Кет!”. Қарағандыда сал ауруына шалдыққан бүлдіршінді балабақшадан қуып жатыр

«Мен директордың нені меңзеп тұрғанын түсіндім. Қосымша 5 теңгедей беретін шығармын деп ойладым, бірақ ол айтқан соманы қалтам көтермейді. Іле-шала тәрбиешіге бардым. Ол менің баламмен еш қиындық жоқ, қосымша ақы керек емес деп жауап берді» – дейді Румейсаның анасы Лиана Султаева.

Баланың қуылуын ана дәл осы жайтпен байланыстырып отыр. Келіспегенім сол еді, баланың киімін лақтырып, есікті меңзеді, дейді. Оны айғақтар куәгерім бар деп отыр.

«Бір қарасам, балабақша директоры Румейсаның киімдерін шығарып, кішкентай орындықтың үстіне қойып, шығарып жатыр. Киімдеріңізді алып, кетіңіздер,- деді. Түсінбей қалдық. Кейін екеуі ұрсысып, ауру балаңыз бола тұра бірдеңе талап етесіз деп дауыс көтерді. Меніңше, олай кемсітуге болмайды» – дейді куәгер Ақмарал Мұсаханова.

Балабақша әкімшілігі бұның бәрі жалған, қара күйе жағып жатыр деуде. Директор сөзіне сенсек, Румейсаның құжаттары толық емес. Бірақ соған қарамастан қабылдап, құжаттарын реттеуге уақыт бердік дейді. Ал ақшаны балаға арнайы қарайтын қосымша жұмысшы жалдауға қажет болған соң сұратыпты. Бірақ міндеттемедім деп отыр.

«Біз оған ештеңе деп айтып жатқан жоқпыз. ДЦП ма, басқа ма ештеңе айтып жатқан жоқпыз. Біз баланы қабылдаймыз дедік. Қандай болса да қабылдаймыз. Бірақ бізге тағы да балаға қарайтын көмекші аламыз дедік. Біздің келісімшартымызда мұндай қызмет көрсету бар» – дейді «Балатай» балабақшасының директоры Гүлдана Әбенова.

Директордың айтуынша, тәрбиеші өзге балаларға көңіл бөле алмаған соң, екі ата-ана бүлдіршіндерін алып кеткен. Екі арадағы дау білім бөліміне де жетіпті.

«Ата-ана 19 маусымда «Балатай» балабақшасына өтініш жазып, баласын басқа балабақшаға орналастырамын деп алып кеткен. Бүгінгі күні ол баланы басқа балабақшаға орналастыру жөнінде жолдама алуға қарастырылып жатыр» – дейді Қарағанды қалалық білім бөлімінің маманы Әлия Биева.

Кішкентай Румейса дау туған балабақша тізімінен әлі шығарылмапты. Келем десе, есік ашық дейді басшысы. Алайда, көңілі қалған ананың ол мекеменің табалдырығын қайта аттауы екіталай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз