Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Кешіріңдерші!”. Ақтаулықтарды жаға ұстатқан өгей шеше оқиғасына қатысты сот басталды

Осыған дейін С. деген әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігінің 14-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп, сотқа жолданған болатын.

Алғашқы сот тыңдауында айыпталушыдан, жәбірленушінің өкілдерінен, сот-медицина сарапшысынан жауап алынды. Мәжіліс залында істегі жазбаша дәлелдемелер зерттелді.

https://kaz.365info.kz/11-zhasta-y-rkendi-gej-sheshesi-tu-an-balalarymen-birigip-ltirgen-246963

«Сотталушы өзіне қатысты қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қараудан бас тартып отыр. Келесі сот отырысы ағымдағы жылдың 6 сәуірі күні, сағат 10.00-де жалғасады»,- деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Гауxар Нұрxанова.

Еске сала кетсек, сотқа дейінгі тергеу органдары сотталушы С.-ны Бейнеу ауданында өз үйінде кәмелетке толмаған өгей баласын өлтірді деген айып тақты.

Қатыгез әйел 16 жастағы Нұрсұлтанды 20 жерінен пышақтаған. Бұл оқиға Маңғыстау xалқын дүр сілкіндірген болатын.

Марқұм Нұрсұлтан туған әкесімен, өгей шешесімен және бауырларымен тұрған.

 

https://kaz.365info.kz/keudesine-ine-tykhtym-betine-ystykh-shaj-shashtym-balasyn-oltirip-khoya-zhazdagan-bezbyjrek-ana-osylaj-dedi-264040

Куәгерлердің айтуынша, марқұм осыған дейін өгей шешесінен зорлық-зомбылық көріп келген. Бұған шыдамаған бала әйелге сөз қайтаратын болған.

Айуандықпен қаза тапқан баланың туған анасы әділ үкім шығарылуын күтеді. Ал, әкесі әйелінің жазасын жеңілдетуді сұрады. Себебі, ортақ некеде балалары бар екенін айтады.

https://kaz.365info.kz/oltirip-tonazytkhyshkha-salypty-almatyda-iesiz-paterden-eki-balanyn-denesi-tabyldy-279777

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз