Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

«Кешірім сұрасын!»: Талас тұрғындары Атамбаевқа қарсы митингке шықты

Шеру шамамен екі жарым сағатқа созылып, соңында таластықтар жан-жаққа тарасты. Қала әкімі Айдар Жусупбеков наразылық акциясына ресми түрде рұқсат етілмегенін айтып, үйді-үйіне тарауға үндеген.

Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, шеруге шыққандар үкіметке үш түрлі талап қойған:

  • Алмазбек Атамбаев «негізсіз айыптап, таластықтарды Абыке мен Көбөштің ұрпағы деп атағаны үшін» кешірім сұрауы тиіс;
  • үкімет қысқа уақытта Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы мәселені шешуі тиіс;
  • билік Қазақстан премьер министрінің Қырғызстан кеден органдарындағы жемқорлық туралы мәлімдемесіне жауап қайтарып, Мемлекеттік кеден қызметінде тексеріс жүргізіп, халыққа есеп беруі тиіс.

Таластықтар билік өкілдеріне 2-қарашаға дейін уақыт берді. Керісінше жағдайда 3-қарашада наразылық акциясы жалғасын табады.

11-қазанда Атамбаев президент сайлауында жеңіліс тапқан таластық Омурбек Бабановты сын астына алған.

– 16-қазанда Бабановтың жақтастары Талас қаласында шеруге шықты. Үкіметтің өкілетті өкілі Даир Кенекее шеруге шыққандарды президентке бағынып, шеруді тоқтатуға шақырып, «Манас» жырынан үзінді оқымақ болған. Алайда халық оған мүмкіндік бермеді, – деп хабарлайды Kloop.

18-қазанда Атамбаев аталған жағдайға байланысты өкінішін білдіріп, таластықтарды ұялтқан еді.

Қала ақсақалдары Бішкекте баспасөз конференциясын өткізіп, мемлекет басшысын тұрғындардан кешірім сұрауға шақырды. Олардың сөзінше, шеруге шыққандар эпосты тек манасшы жырлағанын қалаған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз