Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Кешір мені, Әнуар…». Досымның әйелі көңілдесіме айналды

510

Досың (Әнуарды айтады) тағы да жұмысына кеткен. Үш-төрт күннен кейін (Әнуар пойызда жолсерік болып жұмыс істейді) келетін шығар. Тіземді құшақтап жалғыз жатырмын (балалары жоқ еді). Ішім пысты. Ол болмаса неге үйге келмейсіңдер, не бір жерге апарып қыдыртпайсыңдар деп наздана тіл қатты. Алғашында не дерімді білмей қалсам да артынша:

Онда кешке мына жерге келе қал. Жақсы кафе бар, отырып біраз сыралатайық, – дей салғаным сол-ақ екен:

Жарайды, – деді қуана келісіп.

Қай сайтанның түрткенін білмеймін!

Менде бөтен ой жоқ еді. Тек досымның келіншегі ғой, зеріккен болар. Біраз сыра ішіп, көңіл кетерсін дегем. Дегенмен Гуля Әнуарға тұрмысқа шықпай тұрып, өзге жігіттермен қыдырып, кәдімгідей шайқап жүретінін талай байқағанмын. Өйткені, бір институт қабырғасында, бір факультетте оқыдық.

Жұмыстан кейін келіскен кафенің алдына келіп Гуляны күттім. Көп күттірмеді. Сымбатты келіншек қой. Әдетінше, ашық-шашықтау киініпті. Әу деп сырадан бастаған отырысымыз қыза келе басқа ішімдіктермен араласа бастады. Әбден қыздық. Әртүрлі әңгіме айтылды.

Досың менің құмарымды қандырмайды. Оның ойлайтыны тек жұмыс, ақша табу. Қалай байысам, деп армандайды. Маған қарауды қойды. Ойы – далада. Мен байғұс онымен тар төсекте соңғы рет қашан болғанымды да ұмыттым, – деп қойып қалды.

Мен қалжыңдап:

Жүрміз ғой, шақырмайсың ба, ым білдірсең тірлігіңді өзім-ақ қатырмаймын ба, – деймін.

Байқа, жеме-жемге келгенде «отказ» беріп жүрме, – деді.

Тағы ұзақ отырдық. Масайдық.

Мені үйге апарып таста, – деді ол.

Сөйтсем, оның ойлағаны басқа екен ғой. Үйге кірген соң Гуля аузы ашылған бір коньякты алып шықты да:

Ішейік. Қайда асығасың? – деді.

Қызып қалған мен де қарсы болмадым. Түннің бір уағы болды. Ол да осыны күтіп отыр ма, орнынан тұра сала бірден құшағыма кіріп, ернімнен қадала сүйді. Мені қай сайтанның түрткені белгісіз, екеуміз де тыр жалаңаш шешініп, диванға құлай кеттік. Гуля таң атқанша маза бермеді.

Енді не істеймін?

Таңертең түндегі қылығымнан қатты ұялып, тұла бойым дірілдеп тұрса:

Жиі кездесіп тұрайықшы, – деп сайқалдана тіл қатып, ернімнен тағы қадала сүйді.

Сол түннен бастап Гуля екеуміз кәдімгі ашынаға айналдық. Мен емес, үнемі Гуляның өзі хабарласады:

Ана досың тағы кетті, жұмысына. Келші, тезірек, сағындым, – дегенін жиі айтады.

Әйелдің өзі мияулап шақырып тұрған соң, еркекте не жан қалады? Бірақ бейшара Әнуар досым ғой, талай жыл бірге жортқан! Оған опасыздық жасағаным жаныма батады. Ертең ол біліп қойса – өлгенім ғой! Ал Гуляға бәрібір секілді. Оның ойы – менімен тек төсекте кездессе болды. Енді не істесем екен?

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз