Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті болып сайланды

114

Бокс федерациясының жаңа вице-президенті бүгін федерация жұмысының жылдық қорытындысына байланысты Астанада өткен жиында таныстырылды. Ал оған дейін аталмыш қызметті Алмасадам Сатқалиев атқарған болатын.

Атап өтерлігі, 2018 жылы елімізде бірінші отандық бокс ұйымының құрылғанына тура 85 жыл толып отыр. Бүгінгі жиында ҚБФ-ның атқарушы директоры Бекжан Бектенов атап өткендей, 2018 жылы бокстан ерлер ұлттық құрамасы 17 халықаралық турнирден өткен. 18-ші дәстүрлі – Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнир осы айдың ортасына қарай өткізіледі.

Биылғы сайыстардың ең маңыздысы ретінде Қазақстан Президенті Кубогы мен Азия ойындарын атап өтуге болады. Астанада 5-10 маусым айларында өткен Қазақстан Президенті Кубогында 15 елдің боксшылары қатысқан.

Қазақстан командасы ол турнирде 10 алтын медаль иеленді. Жакартада өткен Азия ойындарында Қазақстан боксшылары екі күміс медаль (Әбілқан Аманқұл мен Асланбек Шымбергенов) алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз