Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Кем дегенде 10 млн қазақстандық коронавируспен ауырады — дәрігердің болжамы

1464
Тамара Вощенкова,  Хабар сайтынан жасалған скриншот

Тәулігіне вирус жұқтырған 1,1—1,5 мың жағдай анықталуда. Пандемияның бастапқы кезеңінде Денсаулық сақтау министрлігі жасаған болжамда мүлдем басқа сандар көрсетілген еді. Енді дәріханаларда дәрі-дәрмектердің, ал ауруханаларда бос орындардың болмауы халық арасында дүрбелең тудырды. Жоғары санатты дәрігер, бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова, егер Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан болатын өлім-жітімге қатысты дер кезінде адамдарға ақпарат беріп, тыныштандырса, бұндай дүрлігудің  алдын алуға болатын еді деп санайды. Ол ерте ме, кеш пе барлық қазақстандық сияқты өзінің де COVID-19-ды жұқтыратынына сенімді.

Түсінбестіктен болған қажу

— Тамара Анатольевна, дәрігерлердің екі топқа бөлініп, бірі денсаулық сақтау министрлігінің жақтастарына, екіншілерінің интернетте коронавирустан емдеудің балама жолын ұсынып олардың қарсыласына айналуына көзқарасыңыз қандай?  Әсіресе медициналық қызметкерлер қазір қандай саясатты ұстануы керек?

Басты ұстаным зиян келтірмеу. Ал мұның бәрі, қажудан болған бетімен кетушілік. Дәрігер бүкіл емдеу әдістерін қолданса да емделуші қайтыс болатын жағдайлар бүкіл әлемде кездеседі. Әріптестеріме ұсыныстар мен кеңестерді тарату менің құзіретімдегі іс  емес. Оған моральдық құқығым да жоқ.

Қазір қалыпты және табиғи процесс жүріп жатыр. Дәрігерлер ұсынылған емдеу хаттамасының әсерін көрмегендіктен жеке тәжірибесіне сүйеніп бір нәрсе ойлап таба бастауда

Содан кейін бірінің үстіне бірі қабаттасып, түрлі ұсыныс пайда болады. Бұдан шығар бір ғана жол бар, тұтынушы, яғни пациент деңгейінде де, медицина қызметкерлері деңгейінде де ішкі мәдениетті қалыптастыру. Олар қарбалас әрекеттердің көбі болып жатқан жағдайды түсінбеуден туындағанын білуі керек.

— Еліміз мұндай жағдайға алғаш рет тап болды ғой.

Бүкіл әлем алғаш рет осындай індетпен бетпе-бет келді. Әрине, бәрі абдырап қалды. Бірақ интернеттегі күмәнді ұсыныстардың барлығына бірдей сене беруге болмайды. Мен барлық медицина қызметкерлері Интернеттен осындай сандырақтарды алып, өз тәжірибесіне енгізіп жатыр деп ойламаймын.

Біздің пациенттердің көбі  қыңыр, бұнда дәрігерледің де кінәсі бар. Себебі ұзақ уақыт бойы біздің беделіміз де болмады

Барлығы тынышталған кезде қателерді талдаймыз. Әрине, медициналық тәжірибе жақсырақ болатыны анық.

Шарасыз ауруды шегеру

— Наурыз, сәуір және мамыр айларында қаза болғандардың саны азырақ еді, ал қазір…

— Себебі үкімет аурудың таралуын тоқтататын шаралар қабылдады. ТЖ режимі болмаса бүгінгідей вирус жұқтыру деңгейі наурыз айында басталып кетер еді.

— Бұл  Денсаулық сақтау министрлігінің  қазіргі құрамының қандай да бір оқыс жағдайға дайын емес екенін көрсетті ме?

— Жоқ, олай деуге болмайды. Менің ойымша, министрлік өз деңгейінде жұмыс істей білді. Қай ел бұл жағдайға сақадай сай отырды? Ешқайсысы!

Біздің билік шарасыз нәрсені екі айға шегерді. Осы екі айдың ішінде біраз жұмыс жасады 

Дәрігерлерге деген сенім жоғары болса, бүгінгідей хаос болмас еді. Бірақ болары болды, бояуы сіңді. 

— Екі ай шегерген кезде билік нақты не істеді?

— Мен айтайын. Денсаулық сақтау министрлігі наурызда не істейді? Бұл дәрі-дәрмектер сатып алынған, бірақ әлі жеткізілмеген кезең. Бұл жылы сатып алу процесі доллар бағамының күрт көтерілуімен сәйкес келді.

Яғни мемлекет дәрі-дәрмектерді бір бағамен сатып алды, ал оның жеткізілімі басқа бағамен келді

Жеткізушілер де, министрлік те ыңғайсыз жағдайға тап болды. Жағдайдың мәнісін анықтап жатқанда, аурудың өсу қарқынын тоқтата алдық.

Адамдар  дәрі сатып алып, ақымақтық жасауда

— Денсаулық сақтау министрлігі дәріханалардағы дәрі тапшылығы мен қымбаттығын болдырмау үшін не істеу керек.

— Бір жағынан сіздікі де дұрыс. Ал екінші жағынан, қазіргі кезде ең керекті парацетамол әр отбасыда белгілі бір көлемде болуы керек. Себебі температураның көтерілуіне себеп болатын инфекцияға кез келген уақытта тап болуымыз мүмкін. Мәселен, қорымыздың бәрі таусылып қалды делік. Одан басқа да  тұмауға қарсы, құрамында парацетамолы бар ұнтақтар көп. Яғни жол табуға болады.

Қазірде

адамдардың дәрілерді артығымен алуы нағыз ақымақтық. Бір жылдан кейін сол парацетамолды лақтырып тастайды

ДДҰ ұсынған емдеу хаттамасына енген вирусқа қарсы және антибиотиктер де солай. Адамдарға өзін қалай ұстау керектігін түсіндіру қажет еді.

Біздің іскер қоғамымыз осындай ел басына күн туған уақытта дәрі-дәрмектерді сатып, баюдың амалын жасауда. Бұл медицина қызметкерлерінің немесе мемлекеттің кінәсі емес. Бірақ мәселе туындаған екен Денсаулық сақтау министрлігі дәріханалық желілерге ықпал ете алады. Әр дәріханада ең көп талап етілген 4-5 препаратың болуын бақылауды ұйымдастыру бір тәуліктің жұмысы.

Тәжірибесіз қоғам

— Кейбір елдер COVID-19-бен ауырған адамдарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуде. Қазақстанда ауруханаларда орын жоқ, бірақ емделу керек, мүмкін бізге де осындай әрекеттерге бару керек шығар?

— Барлығын бірдей емес, жағдайы нашар емделушілерді ғана  ауруханаға жатқызу керек. Бірақ мұның өзі қиындық туғызып отыр. Естеріңізде болса, наурыз айында мұрнынан су аққан адамды да ауруханаға алып кетіп, үйлердегі бір кіреберісті бірақ жауып тасаған еді. Осы әрекеттердің барлығы COVID-19-дың алдында қорқыныш тудырды, енді ол тек күшейіп барады.

Иә, көктемдегі осы шаралар мемлекетке адамдардың үйден шығармауға көмектесті. Бірақ қоғамдағы қорқынышты дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізіп басу керек еді

Сонда қзіргідей жедел-жәрдемге, дәрі-дәрмек тапшылығы және ауруханалардың толуына қатысты дүрлігу болмас еді. Қазір онда ауыр науқастардың 15-20%-ы ем қабылдауда. Қалғандары — бойын үрей билеген, бақылауда болғысы келетін адамдар. Нәтижесінде нақты мұқтаж адамдарға орындар жетіспеуде.

Қазір көптеген аурулардың да өлімге әкелетіні туралы көп айтылмайды. Барлық назар коронавирус инфекциясына аударылады. Халық қазірге оқиғаларды дұрыс талдап қабылдай алмауда.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету — өте жақсы ұсыныс. Бұл үшін көп ақша да қажет емес. Бірақ кімге және қалай тағайындау керек деген басқа сұрақ туындайды? Өйткені, вирус пен бактериялық асқыну ғана емес, сондай-ақ науқастардың созылмалы ауруларын да ескеру керек емес пе? Әсіресе қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы және семіздік  секілді аурулармен ауыратын науқастар аса мұқият ем қабылдауы керек. Біреудің хаттамасына  антибиотиктерді қосу керек, ал басқаларына тіпті вирусқа қарсы препарат та  керек емес.

Қазір фармацевтикалық бизнес қару мен есірткі сататындардан да көбірек пайда тауып тұрған кезең

Мен қалыпты температура кезінде бірден үш антибиотик ішетін емделушілерді білемін. Олардың шын мәнінде неден қайтыс болатыны түсініксіз. Адамдардың өзін-өзі емдеумен айналысуы қоғамның тәжірибесіздігін көрсетеді. 

Қазақстанда 18 миллион адам тұрады.  Менің болжамым бойынша COVID-19-бен кем дегенде 10 млн адам ауырады. 

Вирустан құтылу мүмкін емес

— Сіздің осындай жағымсыз болжамыңыз адамдардың бейқамдығына байланысты ма, әлде денсаулық сақтау саласының дайындығының аздығы себеп бола ма?

— Жоқ, бұл биологиялық процесс. Әр адам осы аурумен ауыруы керек, бұдан қашып құтыруға болмайды.

COVID-19-дан қорғанудың жалғыз жолы — әр организмде антиденелер қалыптастыру

Мен қазір барынша сыртқы әлемнен оқшауланғаныма қарамастан, бәрібір ауыратыным анық. Ең бастысы, қазір ауырмасам болды. 

— Ал вакцина шығарылса не болады?

— Оған ең аз дегенде бірнеше жыл керек. Ол да бар бәледен құтқаратын панацея болмайтыны анық.

Вакцинасы бар, бірақ көптеген адам қайтыс болатын тұмаудың өзі жыл сайын эпидемия тудыруда

Сондықтан қазір әр адам өз денсаулығының тиімді менеджері болуы керек. Иммунитетті күшейту арқылы ғана пандемияны жеңіп шығуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз