Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Келсін!”. Бас прокуратура Әблязовты Астанаға шақырды

Тергеу барысында Е.Н.Тәтішевті қасақана өлтіруді ұйымдастыруда күдіктінің әрекетін құқыққа қарсы деп бағалайтын дәлелдер табылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 208-бабы 1-бөлігіне сай күдікті жауап беруге шақырылады.

https://kaz.365info.kz/akhshamdy-khajtarmady-erzhan-tatishevti-ne-yshin-oltirgen-belgili-boldy-304890

Алайда М.Қ. Әблязовтың Қазақстан Республикасы аумағынан тыс болуына және келуден жалтаруына байланысты Бас прокуратура ҚПК 205-бабы 3-бөлігін басшылыққа ала отырып,

күдіктіні жауап алуға шақыру туралы хабарландыруды еліміздегі және Әблязовтың орналасқан жері Франциядағы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайды.

 “Күдікті Әблязов Мұхтар Қабылұлы, Сізге 2018 жылғы 16 тамыз сағат 15:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 14 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік ғимараты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі – жедел-тергеу тобының басшысы Бекжан Ермұханбетұлына келу қажет”, — деп жазылған хабарламада.

https://kaz.365info.kz/ablyazov-bylaj-zhasady-bta-bankinin-eks-baskharma-toragasy-barin-mojyndady-video-263581

Шақырылған мерзімде келуге кедергі болған жағдайда, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаға қорғаушымен қамтамасыз ету туралы өтініш хат беру туралы ой болған жағдайда күдіктіге болмаса, оның мүддесін белгіленген тәртіппен көздейтіндерге қылмыстық қудалау органын алдын ала ескерту қажет.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз