Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Келіншектің басын кескен…”. Шу станциясында сұмдық жағдай болды (видео)

267

Отарба осындағы темір жол вокзалына тоқтаған соң, коммерсант әйел жолаушыларға киім-кешек, азық-түлік ұсынып вагон ішіне кірген.

Тек тамбурдан өте бергенде соқталдай жігіт денесіне бірнеше рет пышақ сұғып, тамағынан орып жіберіпті.

Қан-жоса болып құлаған келіншек сол жерде жан тапсырған. Ал, қаскөй сол мезетте-ақ ұсталғанымен, мұндай қанды қылмысқа не үшін барғанын түсіндіре алмапты.

https://kaz.365info.kz/byzsan-byza-ber-tokhtar-serikov-mejrambek-bespaevtyn-bagdarlamasynda-ashulanyp-ketti-video-316733

Өйткені, ақыл-есінде ауытқу бар дейді полицейлер. Өзінің де диспансерден ем қабылдап шыққан беті көрінеді. Қасында анасы болған деген ақпарат бар.

Енді осы ауруына байланысты жазадан да құтылып кетуі мүмкін.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

– Ұсталған азаматтың папанойдты шизофрения диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны және бұрын сотталғаны анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

https://kaz.365info.kz/khajdagy-vahid-danagyl-temirsyltanova-khyzynyn-tyrmyskha-shyguyna-kharsy-shykhty-foto-316699

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз