Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
10
USD
426
-0.24
EUR
496
+0.41
RUB
5.99
-0.01

Келіншек өз баласын өзі ұрлап кеткен

408

Одессада әйел жеті айлық қызының темір жол вокзалының жанында ұрлады деп полицияға мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, ол үлкен баласына алаңдаған, ал қайтып келгенінде арбадағы баласы жоқ болған. Құқық қорғау органдары темір жол вокзалының жанын қарап, жаяу жүргіншелерге сауалнама жүргізіп , бейнебақылау камераларын тексерген.

Кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері дәрігерлік мекемеге барған, онда куәгерлердің бірі оқиға орнында әйелді арбамен жүргенін, қалам мен қағаз сұрағанын суреттеп берген. Жиналған мәліметтерді талдаған соң полиция баланы ұрлады деп мәлімдеме жасаған әйел мен  баланы ауруханаға жеткізген әйелдің екеуі де бір адам болып табылады деген қорытындыға келді.

Айта кетейік, 2 ай бұрын 22 жастағы Харьков облысының тұрғыны екі кішкентай баласымен Одессаға медициналық тексерілістен өтуге келген.  Анасының сөзінше, кішкентай қызы айықпас дертке шалдығып, емдеуге ақшасы жетпей аурухана жанына тастап кеткен. Сонымен қатар, ол бір сағаттан кейін Харьков облысына қайтамын деп билет алыпты. Ал, баланың ұрлану жағдайын өзі ойдан шығарған. Қазіргі таңда, бала толық тексерілістен өткен, денсаулығына қауіп жоқ. Алдын ала деректер бойынша, анасының айтқан диагнозы расталмады. Кішкентай қыздың тағдырын балалар ісі жөніндегі қызметкерлер шешпек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз