Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Той өткізуді мүлдем жаңаша сипатқа өзгерту керек! 

411

Біз келінді босаға аттамай жатып төрге оздырамыз, сосын басымызға шықпағанда қайтеді….

Біріншіде келіннің бетін екі рет ашып көзбояшылық жасаған жоқ. Себебі, болары болып бояу сіңіп қойған… ұлы сөзде ұяттық жоқ әуелі келіннің аяғы ауырлап қалса да бетін ашу масқара емес пе?!

Екіншіде қазақтың келіні оң жаққа түсіп, оң жақтан сүйегі шығатын және жас келін тұрмақ егде кемпірлердің өзі қарашаңырақ үлкен үй деп төрге озбайтын қазақи дәстүрді ұстанды.

Менің ойымша бүгінгі тойларға көп өзгерістер еңгізу керек! Бір сарын, көшірме асабалар, понаграмамен қатты даңғырлақ музыкамен халықтың миын шіріту, мүлдем домбырамен жанды дауыспен ән айтылмау, орынсыз дөрекі ойындар мен әзілдер, той иесін әбігерге салып сайқымазақ ету сияқты келеңсіздіктерді жою керек!

Мен Көкшетауда тойда көргенімді Астанадағы тойда қаз қалпында қайталады. Ол былай. Жас жұбайларды асаба ортаға шығарып қарсы тұрғызып бір-біріне жылы сөздерін айтқызатын көрініс. Мұнда екеуі алдымен махаббаттың бал тілімен қалай еркелететінін білдірсе, кейін асабаның талабымен машина запчастары атымен де еркелету керек! Осындай халық әбден мез болған көріністерді қайталауды қоятын уақыт жетті. Жаттанды сөз тіркестерін, бірінен-бірі көшіруді қойып, жаңаша ізденістер жасауға неге талпынбайды?! Асабалар құлақтарына алтыннан сырға! Ұят болады! Қайталауды тоқтатыңдар!

Қазақтың сөздік қоры мол бай тілімен неге сөйлемеске?!

Бір-біріңнен сөз ұрлайтындай не бастарыңа күн туды?!

Қол бастау қиын ба? Жол бастау қиын ба? Сөз бастау қиын ба? – дегенде Сырым батыр:

– Қол бастау қиын емес, Көк найзалы ерің болса, Жол бастау қиын емес, Соныңнан ерген елің болса, Бәрінен де сөз бастау қиын. Тауып айтсаң, мереке қылады. Таппай айтсаң, келеке қылады-дегені қайда.

Бәрінен де сөз бастау қиын екені рас..

“Бес ғасыр жырлайды”, жүз томдық “Бабалар сөзін” оқысаңдар өрелерің өсіп, есті сөйлеуге машықтанатын едіңдер мырзалар….

Сосын әр тойдың иесінің және өзгешеліктерін байқап ескеріңдер. Әр өткізген тойларыңда жаңашылдықтар байқалып тұрса тамаша болар еді….

Жалпы өзбектің, үндістің, сығанның биіне, ән-күйіне көп әуес болмау керек! Би, ән-күй деген ол – идеология, қазақтың биі, мың әні, мың күйі өзіне жетеді! Өзіміз қазақ бола алмай жатқанда, өзгенің биін билеп, ән-күйін тартып, салт-санасын, дүстүрін насихаттау – сорақы жағдай… Өзгенің биін билеу, кешегі он бес республиканы бір шыбықпен айдаған, ұлт мәденитіне жолатпай, қойыртпақ, дүбәрә мәдениет жасауға ұмтылған Совет өкіметінен қалған күні өткен идеология.

Өзбекстанға барып көріңіз, өзге ұлттың сойылын соғып, биін билей ме екен?! Қазақтың Қамажайын билеп жатқан өзбек көрдіңіз бе? Ендеше, қазақтың тойында өзге мәденитті насихаттауды доғару керек. Қазақтың тойында тек қазақтың күйі мен биі ойнатылуы керек. Қазақтың тойында өзге ұлттың мәдениетін насихаттау саяси сауаттың және сана-сезімнің кемдігі деп білемін. Аталы сөз айтып, ата-бабамыздың салт-дәстүрін насихаттайық!

Ел іші өнер кеніші. Тойшыл халықтың ішінен өнерпаздарды тауып жанды дауыспен домбыра немесе гитарамен ән айтқызуды ескерсеңдер!

Халқым дүбірлі тойды бәдік жиналысқа айналдырмайық… Ойы жинаңқы, сөзі мығым азаматттар мен аузы дуалы қарияларымыз ғана бата тілегін арнасын!!!

Айтпақшы, қырықтан асқандар дені дұрыс бата жаттап алыңыздаршы… бата бер дегенде қара сөзді шұбыртпай, ұятқа қалмай!

Тойға халық жақсы көңіл-күйде демалып қайтуға тиіс.

Бүгіңгі қазақ тойының мәні де, сәні де кетті. Даңғаза мал шашпақ, бәсекеге айналып барады…

 

 Бақытбол Берімбайұлы.

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз