Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Келімбетовтің тірлігі ме? Зейнетақы қорындағы былықтарға кім кінәлі?

Бұл туралы kaz.365info.kz сайтына берген сұқбатында қаржыгер-ғалым Ілияс Исаев мәлім етті. Оның пікірінше, зейнетақы қорындағы ақшаны инвестициялаумен қор жанындағы Активтерді басқару кеңесі айналысады, айналып келгенде, ондағылар Ұлттық банк таңдаған саясатқа жүгінеді.

– Зейнетақы ақшасы ұрланды деп басшысын жауып тастады. Депозитінде зейнетақы ақшасы бар Қазинвестбанк банкрот болды. Енді мынау. Өте қомақты ақша, атап айтқанда, 71,3 млрд теңге бүгіндері банкрот алдында тұрған Әзірбайжанның халықаралық банкіне инвестициялаған.

Мұның бәрі Ұлттық банкті Қайрат Келімбетов басқарып тұрған кезде болған. Бұл – соның былығы секілді.

Мүмкін өзі, мүмкін басқалары. Бір анығы – ол өз саласын дұрыс басқара алмады, бәсекеге қабілетті болмады.

Негізінен, қаржы саласы көлденең көк аттыларды көтере алмайды. Мұнда өте сауатты мамандар ғана болуы тиіс. Мұны Елбасының өзі мойындап, Данияр Ақышевты тағайындағанда осылай деді. Онысы рас енді. Сол кезден бастап қаржы саласындағы басшыларды ауыстырғандай болды. Шетелден оқып келді деген бір ауыз сөздері бар. Бірақ мен мұнымен келіспеймін. Ешқандай тәжірибесіз сары ауыз бала не істей алады? Мен бұл салада өз ісін білетін Ғалым Байназаровтан басқа ешкімді көріп тұрғаным жоқ. Қалғаны жәй, тиіп-қашуға ғана жарайды,

– дейді ол.

 

https://kaz.365info.kz/tesik-shelek-dosym-satpaev-zejnetakhy-khoryndagy-bylykhtardy-ashyp-ajta-saldy-256985

 

Дегенмен қаржыгер-маман мұның барлығы асығыстықтың да салдары екенін жоққа шығармайды.

– Қаржылық дағдарыс басталып жатқанда біздегі барлық зейнетақы жинағы бір қорға жинастырылды. Онда да мемлекеттің қорына. Енді елдің көңілін күпті қылмай, істе бұл қор өзін танытуы тиіс еді. Әрине, ішкі инструменттердің қауіп-қатері, тәуекелі жоғары. Сондықтан сыртқы қаржы тетіктерін пайдалану туралы шешім шығарылды. Оған қоса 3-4 жыл бұрын мемлекеттің таза сыртқы қарызы 5 млн доллар еді. Сыртқа инвестиция шығаруда осы бағытта тепе-теңдік жасап, билік халықаралық инвестициялық позициясын сақтандырып, жақсартып алғысы келген секілді. Сондықтан да хедждеу жасап, осындай көлемдегі зейнетақы ақшасын шетелге инвестициялау туралы шешім шығарылады. Бұл бір жағынан дұрыс та.

Бірақ сол инвестициялық тетіктерді таңдауда қателіктерге жол берілді. Әрине, бұл арада біріншіден, асығыстық, екіншіден, мамандардың кәсіби деңгейінің төмендігі соққы боп тиді.

Сондай-ақ Ілияс Исаев Әзірбайжанның халықаралық банкіне инвестицияланған ақшаға аса алаңдаудың қажеттігі жоқтығын айтады.

 

https://kaz.365info.kz/dosym-artykh-ketti-nauryzbaeva-satpaevtyn-kenesten-ketuinin-sebebin-tysindirdi-260081

 

– Әзірбайжан халықаралық банкі, менің білуімде – мемлекеттікі. Олар жақында бұл банкті аман алып қалу туралы шешім шығарғанын, сондықтан салған ақшасына Қазақстан алаңдамай-ақ қойса болады дегенді айтты. Тіпті, пессимистік болжамды алып қарастырып, банкрот болды десек, банк халықаралық болған соң, ол арада шығынды өтейтін халықаралық сақтандыру компаниялары бар. Сондықтан бәрібір ол ақшаны қайтарып алу мүмкіндігі жоғары.

Оның орнына іштегі жайтқа аса мән беру керек. Мәселен,

қазір зейнетақы жинағының 70 пайызы мемлекеттік қағаздарға, банкрот алдында тұрған екінші деңгейлі банктердің облигацияларына инвестицияланып, депозиттеріне салынған. Олардан зиян болмаса, әзірге пайда жоқ.

Оған қоса мемлекеттікінің бәрі 2020 жылға дейін жекеге кетеді деп жатырмыз. Мұндай өтпелі кезеңде бұл ақшаларға өте абай болған жөн,

– дейді ғалым.

 

https://kaz.365info.kz/rlan-an-zejneta-y-a-shasy-3-milliard-te-geni-ajtaru-ne-ajbyl-deputat-246696

 

Еске сала кетсек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 71,3 млрд теңгесі (240-250 млн доллар) Әзірбайжанның халықаралық банкінің құнды қағаздарына инвестицияланған. Оны жабу мерзімі – 2024 жылдың 9-қарашасы. Қоржындағы бұл қағаздың үлес салмағы – 1,04 пайыз. The Wall Street Journal басылымы хабарлағандай, Әзірбайжанның халықаралық банкі Нью-Йорк сотына банкроттық бойынша шағымданған. Басылымдағы дерекке сүйенсек, банк 3,34 млрд доллар сыртқы қарызын қайта құрылымдауда көмекке жүгінгісі келеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз