Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Келесі жылы зейнетақы өседі…”. Осылай деген министр Дүйсенова қандай қулыққа барды…

257

Келесі жылы зейнетке шығу мерзімі алты айға ұзарады

Зейнетақы саласындағы реформаға бірінші болып іліккендер, яғни, 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап 58,5 жасында зейнетке шығады.

“2014 жылы зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту жөнінде концепция, заң да қабылданды. Сөйтіп, 2018 жылғы 1-қаңтардан зейнетақы жасын кезең-кезеңімен арттыру басталады. Зейнет жасын 63 жасқа дейін жеткізуді 10 жыл ішінде жүргіземіз. Ол 2018 жылдан 2028 жылға дейін жарты жылдан көтеріліп отырады. Яғни біздің әйел азаматтарымыз 2028 жылы ғана 63 жасқа келіп зейнетке шығатын болады.

Есесіне, осы уақытта зейнетке шығатын әйелдер қайта ұтады екен.

– Олардың зейнетақысы екі есеге көбейеді”,

— дейді министр.

Өйткені, зейнетақы төлеудің тетігі өзгеріп, базалық зейнетақы көлемі екі есеге өседі екен.

30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып келгендерге қатысты әділдік орнайды

Келесі жылдан бастап, қазақстандықтарға базалық зейнетақы да жинақтау жүйесіне қатысу сияқты еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Бұл әдістің нәтижесінде, 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнайды.

“Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнет жасына жеткендердің бәріне бірдей тағайындалады, яғни, зейнеткерлердің еңбек өтілі және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуы ескерусіз қалып отыр. Келесі жылдан базалық зейнетақыны жүйеге қатысу өтіліне қарай төлеу көзделуде. Осы орайда, 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарының түсу аралығы ғана есептелініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілін де назарға алу жоспарланып отыр”, – деді министр.

Демек, қазір беріліп жатқан зейнетақы екі құрамнан тұрады. Біреуі – базалық, екіншісі – еңбек өтіліне қарай тағайындалған зейнетақы. Ондағы базалық мөлшер 14 466 теңге болып есептеліп келген. Ол – бәріне бірдей берілетін қатып қалған мөлшер. Енді, оған да жан бітіп, базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарай өсірілмек.

https://kaz.365info.kz/tagy-da-shu-zejnetakhy-khory-kharzhy-khyjgan-shetel-kompaniyalary-shetinen-zhabylyp-zhatyr-277824

2018 жылғы 1-шілдеден базалық зейнетақы төлеу тетігі өзгереді:

а) бұл өзгеріс бойынша базалық зейнетақының тағайындалатын мөлшері азаматтардың 1998 жылғы 1-шілдеге дейінгі еңбек өтілі мен 1998 жылдан бері қарайғы бірыңғай зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысуына тікелей байланысты болмақ;

ә) зейнетақы жарналары салымдарының үзіліссіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 2014 жылдан бастап, жұмыс істеп жүріп, 1 жасқа дейінгі бала күтімінде отырған әйелдердің зейнетақы жарналарының 10 процентін республикалық бюджеттен субсидиялау жүзеге асып келеді;

б) жинақ мөлшерін ұлғайту мақсатында, 2020 жылдан бастап, жүзеге асатын зейнетақы жинақтау жүйесінде жұмыс берушінің өз қызметкерінің жинақтау есебіне тағы да 5 проценті мөлшерінде зейнетақы жарнасын аударуы заңмен міндеттелген.

Бұл жүйе бойынша, әйел азаматтардың алатын зейнетақы мөлшері зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу мерзімі мен зейнетақы жинақтау жарнасын үзіліссіз аударып отырғанына тікелей байланысты болады.

 

Әйелдер 45 жасында да зейнетке шыға алады. Егер…

Әйелдердің зейнеткерлікке ерте шығуы бойынша жеңілдіктері сақталатын болады.

Мысалы, 5 бала тәрбиелеген және 20 жылдық еңбек өтілі бар әйелдер зейнеткерлікке 53 жасында шыға алады. Бұл жағдайда мемлекет әр бала үшін жалпысы 12 жылдан аспайтын, 3 жылдық еңбек өтілін есепке алады.

Сол секілді 50 жасында зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі жеке зейнетақы есебінде міндетті зейнетақы жарнасы мен міндетті кәсіби және ерікті жарналары жеткілікті мөлшерде жиналған әйелдерде сақталады.

Ал экологиялық зардабы мол аумақтағы әйелдер 45 жасында зейнетке шыға алады, ал ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады.

https://kaz.365info.kz/bizge-baribir-ykimet-zejnetakhy-zhinagyn-erikti-zhane-mindetti-dep-bolip-zhatyr-275027

Айта кетелік, бүгінде еліміздегі зейнетақы жүйесінің үш қаржыландыру көзі бар. Ал әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көпдеңгейлі жүйе тұрақты және жақсы зейнетақы алуға мүмкіндік береді.

“Мемлекет базалық зейнетақыны 2005 жылдан бастап ендіріп, төлеп келеді. Екіншіден, азаматтар өздері де зейнетақы жүйесіне қатысуы керек. 1998 жылдан бастап барлық жұмыс істейтін азаматтар өз жалақысының 10 пайызын жинақтаушы зейнетақы қорына аударуда. Үшіншіден, жұмыс беруші 2020 жылдан бастап, зейнетақы жүйесіне қосылып, өз қаражаты есебінен 5 пайыз төлейтін болады”, — деді Дүйсенова.

Үш әлеуметтік көмек ақша енді бір-ақ берілетін болды…

Жаңа жылдан бастап, елімізде атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақының орнына бірыңғай жәрдемақы берілмек. Бірақ ол барлығына бірдей берілмейді. Егер отбасында жұмыс жасындағы азамат болса және ол жұмысқа жарамды болса, әлеуметтік көмек оларға тек шартты келісіммен ғана беріледі. Сондықтан атаулы көмекке қол жеткізу үшін келісімшарт жасасу қажет, яғни, енді атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз болып бөлінбек.

Мәселен, егер қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек табысы күнкөріс деңгейінен 40 процент төмен адамдар мен отбасыларға қаржылай көмек ретінде берілетін болса,

жаңа жылдан бастап, ол әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда берілетін болады.

https://kaz.365info.kz/kharyz-keshirilip-kelisimshart-zhojylady-maman-bankterdin-neni-zhasyratynyn-ajtty-265099

“Осы атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін және басқа да әлеуметтік көмекті алу үшін, бұрын азаматтар үш түрлі құжатпен, үш түрлі мекемеге бару керек болса, енді, тек бір мекемеге – әлеуметтік жұмыспен қамту мекемесіне бару керек деп айттық. Бұл көмектің көлемі қазіргі үш көмектің жалпы көлемінен жоғары болады. Ендігі жылы Алматы қаласы бойынша, 12,5 мыңдай азамат атаулы әлеуметтік көмекті алады”, — деді сөзін түйіндеген Тамара Дүйсенова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз