Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Кейбір өңірдің мектептері күрделі жөндеу жұмысы үшін ақша таппай отыр – вице-министр

Оның айтуынша, биыл қолданысқа берілгелі жатқан 31 жаңа мектеп үш ауысымды оқу мәселесін шешпек, ал 29-ы апатты жағдайдағы мектептердің орнын басады және 14-і тапшы оқушылар орнын қысқартпақ, ал бесеуі мектеп жоқ елді-мекендерден бой көтереді.

„526 мектеп күрделі жөндеуді талап етеді, ал 6600 мектепке биыл жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жазғы уақытта 373 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 745 мектеп жеңіл-желпі жөндеуден өтті. Ал күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мектептер
Ақмола, Атырау, Карағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарына және Астана қаласына тиесілі», – деп атап өтті Эльмиара Сұханбердиева.

Сөз соңында вице-министр кейбір өңірлердің мектептері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ақша таппай отырғанын атап өтті.

– Кейбір өңірлерде мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы толықтай қарастырылмаған.

Мысалы, Алматы облысында 48 мектеп күрделі жөндеуді талап етеді, бірақ оның бүгіндері 26-ы ғана жаңаланды. Шығыс Қазақстан облысында осы мәселеге зәру 68 мектеп бар, бірақ 60 мектеп қана күрделі жөндеу жүргізе алды.

Алматы қаласы мектептері үшін де осы мақсатта толық қаражат қарастырылмай отыр, – деді вице-министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз