Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Кейбір ағалар қызқұмар…”. Бахтияр Артаев “адасып жүр” деп кімдерді айтты?

276

 

https://kaz.365info.kz/khatty-okinemin-akhsh-tagy-en-mykhty-politsej-khazakh-balasy-ishtegi-syryn-zhajyp-saldy-265947

Інілерге келсек, оны дұрыс жолға салатын да, бұрыс бағытқа жөнелтетін де – аға. Қисық өскен ағашты түзету қиын ғой, сол сияқты ағалар да бұл шаруаны ерте қолға алғаны абзал. Қолындағы барымен бөлісіп, қомқорлығын жасап, ағынан ақтарылып жатса, інілер олардан үлгі алады ғой, жолымен жүруге тырысады ғой, еліктейді ғой. Сондай ағалар көп болсын дегім келеді.

Адам бірінші әр нәрсені өзінен бастауы дұрыс шығар, содан кейін ғана ақыл айтқаны жөн болар. Жалпы, екі жақта алдымен имандарын күшейтіп, дінге сүйіспеншілікпен қарап, көп ізденіс жасасын деп, кеңес берер едім. Өйткені көп сұраққа жауап сонда.

Бұлай дейтінім,

өкінішке орай, кейбір ағаларымыз қызқұмар.

Қысқа ойлап, алдамшы ләззатқа, көп уақыттарын жұмсауда. Солар негізі, жетім-жесірлердің санын азайтып, сауапты іске күш салып, үлгі тұтарлық іс істеп жатса. Сол арқылы елге де, кейінгі інілеріне де жақсы көрінер еді. Дұрыс жолдың бағытын сілтейтін еді.

Арабтың дәстүрі түкке керегі жоқ…

Аллаға шүкір, қазіргі таңда кез келген ауылда да, қалада да мешіттер өте көп. Жалпы, иманыңды күшейтіп, біліммен сусынданғың келсе. Олардың есіктері күндіз- түні ашық, тек талпынысың болса, болды. Жалпы сол мешіттерге бас сұғып, уағыз-насихат тыңдасақ, міне, тәрбиенің нағыз құралы сол дер едім. Шариғат әңгімелері, діни хадистер, Құран жолдары сөзсіз, адами қасиетті, патриотизмді, елге деген сүйіспеншілікті оятады.

Қазіргі таңда ел іргесіне аяқ басып үлгерген теріс пиғылды ағымдар қатарына өзіміз секілді көпшілікке танымал немесе күші мығым, денелі, спортта дәрежесі бар азаматтарды тартатыны жасырын емес.

Негізі, кері ағымда кім жүреді? Шындығына келгенде, кері ағымда әлсіздер жүреді! Айналасына өкпелі, реніші бар адамдар ілеседі жат пиғылдыларға. Сенбесеңіз, кез келгенімен тілдесіп көріңіз. Бәрінің ештеңеге көңілі толмайды. Ешкімге ештеңе дәлелдей алмаған жандар «Осы жолмен жүрсем, өзгеге бір нәрсені дәлелдеймін, көрсетемін» деген ниетпен жат ағымның жетегінде кетіп жүр.  Мықтылығын дәлелдеймін деп, бос әуреге түскендер. Шын мәнісінде, амалдарының жоқтығынан адасқандар.

https://kaz.365info.kz/baha-festival-kim-edi-239689

Сондай бауырлармен көп кездестім. 

Спорттағы қандастарымыздың жат ағымдарға ілескендері жетерлік.

Ауыр болса да, осыны мойындамасқа амалымыз жоқ. Бәрі де ренжулі, өкпелі жігіттер. Бір нәрсені дәлелдей алмай жүрген, істей алмай, мазасы қашқан жігіттер.

Есі дұрыс, өзіне сенімді азамат ешқашан ағымның есігін ашпайды немесе қақпайды.

Рас, Ханафи мәзһабын ұстанатын жігіттер де көп, өте көп.

Бірақ менің білуімше, жат ағымдықтар қармағына түсіретін жанды алдайтын көрінеді, қызықтыратын сияқты, қатарларына тарту үшін ештеңеден тайынбайтын сияқты.

Ертерек өкініп, дұрыс жолын тауып жатқандарда бар. Алайда, беті бері қарамайтындар да аз емес. Олардың бәрі – әлсіздер!

Дұрысы, төл дініміздің жолымен, ата-бабаларымыздың өсиетімен, қалып келе жатқан тариxи кұндылықтарымызды жоғалтпай жүрген абзал. Арабтың немесе парсының дәстүрі мен сөзін бізге әкелудің түк те керегі жоқ деп есептеймін, жеке өз басым. Өзіміздің түбі терең, керемет тариxымыздың барында, атадан-балаға келе жатқан үзілмеген, ұлттық салт-дәстүріміз бен ана сүтімен келген, ғажайып осындай өз ана тіліміз барында, бізге ешкімге еліктеудің керегі жоқ. Егер бізге еліктемесе.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз