Қазақстан үшін Қытай негізгі әріптес болып табылады, алайда шекарадағы жүктерді өткізу проблемалары ынтымақтастықты қиындатып жатыр.
— Біздің халқымыз Қытай Халық республикасының көшбасшысы Си Цзиньпин мырзаға Қытай Қазақстанға Covid-19-ға қарсы “Синовак” және “Синофарм” вакцинасының 4,5 миллион дозасын бергені үшін алғыс білдіреді. Оларды ДДҰ мойындайды, Қазақстанда оларға көзқарас жақсы және сапасы жағынан америкалық және еуропалық вакциналарға қарағанда жоғары деп санайды. Біз коронавирусқа қарсы барлық гуманитарлық көмектің 80%-ы Қазақстан үшін Қытайдың үлесіне тиетінін ризашылықпен атап өтеміз, – деп атап өтті Сұлтанов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгінде еліміз Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспортты ілгерілетуге мүдделі.
— Біз коронавирусқа қатысты мәселелерді түсінеміз, бірақ шекара өткелдеріндегі кептелістерді шешуге көмектессеңіз қуанышты болар едік
Мен объективті себеп — коронавирус екенін түсінемін. Қытай өз елін қорғауға тырысуда және бұл жағынан көш ілгері. Мысал етіп қарасақ: АҚШ-та коронавирустан 800 мың адам қайтыс болды, ал Қытайда — тек 4000. Бұл Қытайдың Денсаулық сақтау жүйесінің америкалық Денсаулық сақтау жүйесімен салыстырғанда артықшылықтарын көрсетеді.
Біз “Нұрлы жол” стратегиясы мен Еуразиялық экономикалық одақтың “Жібек жолы Экономикалық белдеуімен” ұштасуына жәрдемдесуді қолдаймыз. Бұл біздің сыртқы саясатымыздың стратегиялық бағыттарының бірі.
Қазақстанның теңізге шығатын жолы жоқ, сондықтан біз шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстікті қосатын магистральдық жолдарда транзиттік логистикалық Еуразиялық хабты дамытуға мүдделіміз. Цзян Вэй ханым (ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы – ред.) бізге экономикалық көлік-логистика жолында ғана емес, Қытай мен Қазақстан арасындағы “Жібек жолының” ғылыми, мәдени-гуманитарлық және білім беру байланыстырушы бағытында да көмек көрсететін болса, біз қуанамыз.
Сондай-ақ біз Қытаймен су дипломатиясы жөніндегі келіссөз процестерін тез арада аяқтауға мүдделіміз. Ауыр климаттық жағдайға байланысты бүкіл әлемде су проблемасы шиеленісе түсті.
Сондықтан, әрине, біз су дипломатиясының көмегімен трансшекаралық су ресурстарын қалай ұтымды және өзара тиімді пайдалану керектігін шеше алсақ, біз үшін өте жақсы болар еді”, — деп қорытындылады саясаттанушы.