Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Каталония тәуелсіздігі үшін өткізілген референдумда 800-ге жуық адам зардап шекті

Полиция мен демонстранттар қақтығысы салдарынан 800 адам зардап шеккен деп хабарлайды ВВС. Испания өкіметі өкілдерінің айтуынша, полиция дауыс жинау үшін ашылған 92 учаскені жауып, оның жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеген. Мадрид ресми түрде зардап шеккендер туралы мәліметті нақтыламай отыр.

Ал Каталонияның өңірлік үкіметі кеше таңертең 2300 дауыс беру учакесін ашпақшы болыпты, оның 319-ын полиция жауып, ешкімді жолатпаған. Барселона мэрі Ада Колау полициядан қорғансыз бейбіт шеруге шығушы халыққа қарсы күш қолданбауды талап еткен.

Дауыс беру аяқтала салысымен Испания премьер-министрінің бірінші орынбасары Сорайя Саэнс Сантамария бұл шараның заңсыз, дауыс беру нәтижесінің ешқандай күші жоқ екенін мәлімдеді. Оған қоса ол: „Полиция кәсіби тұрғыда өте сауатты әрекет қылды„ деді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз