Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Каспий конвенциясы: қай ел ұтты?

Оның айтуынша, осы құжатқа қол қойылардың алдында Ресейдегі БАҚ«Қазақстандағы Ақтау және Құрық порттарында АҚШ-тың әскери базалары орналасатын болады» деген өтірік ақпарат таратты.

 Осылайша Мәскеу Каспий саммиті қатысушыларына қысым жасамақшы болды.

Өз кезегінде саясаттанушы Айгүл Омарова осы конвенцияға қол қоярдың алдында Иран президенті Каспийдің жағасында ешқандай әскери базаның болмайтынын айтқанын мысалға келтірді. 

«Конвенцияның кейбір тармақтары АҚШ-тың Каспий арқылы әскери жүк транзитін жүргізетіні туралы келісімшартқа қайшы емес пе осы? Соны түсінбедім.

Сонымен қатар осы аймақта құбыр жүргізу үшін бес елдің барлығынан рұқсат сұрау міндетті болмайтыны белгілі болды. Бұл арада да асығыстық бар сияқты.

Түркменстан мен Әзірбайжанның арасында құбыр жүргізілсе бұл Каспий аймағы маңыңдағы барлық елдерді жанап өтеді. Себебі, мұндай жағдайда экологиялық қауіп туындауы мүмкін» деді ол. 

Ал профессор Рустам Бурнашевтің пікірінше, бұл конвенцияның мақсаты мен міндеті әлі де болса айқындалмады.

«Олар ертеңгі күні қызу талас туғызуы мүмкін. Мұның арты үлкен дауға ұласуы да ғажап емес. Әсіресе, әскери мәселелерге келгенде ұстанымдар нықталған жоқ.

Екіншіден, бұл конвенция Каспий маңы елдерінің саясатының айқындайтын жалғыз құжат емес. Осы уақытқа дейін Каспий қатысты, оның экологияны, инфрақұрылымына қатысты қыруар құжат қабылданды. Мәселе олардың орындалуында» деді ол.  

 «Орталық Азия» журналы бас редакторының орынбасары 

Евгений Пастухов бұл ретте:  Меніңше Конвенция туралы айтқанда, «осы құжатқа қол қойған қай ел шын мәнісінде ұтты?» деп ойланған жөн сияқты.

Бұл тарапта бірқатар басылымдар бұл құжаттың Қазақстан үшін тиімді болғанын тілге тиек етуде.

«Қазақстан осы Конвенция нәтижесінде Каспийдің 30 пайызына және балық қорының ең үлкен бөлігіне ие болды» дейді олар.

Енді бірі «бұл Конвенция әскери және қауіпсіздік саласында Ресей мен Иран үшін аса тиімді құжатқа айналды» деген пікір білдіруде.

Үшінші бір тарап бұл құжат Әзірбайжан мен Түркіменстан үшін тарихи құжатқа айналғанын жарыса жазуда. Осы конвенцияның арқасында бұл елдерінің өздерінің экономикалық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алмақ.

Қалай болғанда да бұл Конвенция тарихи әрі табысты құжат болды.

Алайда көптеген мәселенің басы ашық қалды. Өз басым бұл құжатқа, анығы оның осы түрінде оған Ресей мен Иранның қол қойғанына таң қалдым. Мұның қандай себебі бар?

Жалпы Каспий өңірінде қандай өзгерістер болып жатыр? Бұл аймақта геосаяси ойындар басталып кеткені рас па? Рас болса бұған кім себепші болуда? Мені осы мазалайды» деген ойын ортаға салды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз