Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Кәсіподақтарда еркіндік жоқ кезде еңбек соттары қажет пе? – сарапшылардың пікірлері екіге бөлінді

Қазақстанда мамандандырылған еңбек сотын құру ұсынылуда. ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің пікірінше, бұл жұмысшылардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе шетелде бар.

Айырмашылығы қандай?

Алайда, заңгер Сергей Уткиннің пікірінше, еңбек даулары үшін жеке мамандандырылған соттар құрудың қажеті жоқ.

— Бізде көптеген мамандықтар бар, енді олардың әрқайсысына жеке сот құрудың не қажеті бар? Менің ойымша, бұл өте орынсыз. Және

мұны қандай принцип бойынша жасаймыз? Әр ауданда біреу ма әлде әр облыста біреу бар ма?

Бір ауданнан екіншісіне дейінгі қашықтық жүздеген шақырым болуы мүмкін. Мен бұл идеяны дұрыс түсініп тұрған жоқпын: оны қалай болғанда да дұрыстап ойластыру, жоспар құру керек. Мұндай мамандандырылған соттың қарапайым аудандық соттан артықшылығы қандай? Негізгі айырмашылық неде?

Сергей Уткин. Фото: forbes.kz

Сондықтан мен бұл шешімнің дұрыстығын көрмей тұрмын. Әлде біз қарапайым соттардағы судьялар жұмыс берушімен толықтай байланыста деп қорқамыз ба? Егер шешім Еуропа елдерінің тәжірибесіне назар аудара отырып ұсынылса, онда қашықтықты ескеру қажет. Біздің елде Еуропаға қарағанда аудан, облыстардың арасындағы қашықтық өте үлкен. Соттардың бәрі қазіргідей онлайн бола бермейді ғой – пандемия бітетін кез де келер.

Жүздеген еңбек соттарын құру – бұл құрғақ қиялдың бір түрі. Ал егер бір облыста екі сот болса, адамдарға барып-келу ыңғайсыз болады, еңбек мәселелері аз уақыт қаралмайтынын да ескеру керек

Сонымен қатар, бұған бюджеттен қаншама қосымша қаражат бөлу керек: ғимараттарға, қосымша судьяларға және тағы басқаларға – дейді Уткин.

Жеке соттар бар

Сонымен қатар, Қазақстанда жекелеген салалар бойынша мамандандырылған соттар құрылып қойған және әлі де құрылып жатыр. Сонымен, Уткиннің айтуынша,

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жекелеген әкімшілік соттар құрылуда

Онда азаматтар мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар қаралатын болады. Нақтырақ айтсақ — азаматтардың мемлекеттің қандай да бір шешімдерін даулауға қатысты барлық мәселелері қаралады.

— Бізде қарапайым соттар өздерін мемлекеттік биліктің бір бөлігі ретінде сезінеді. Сондықтан мемлекетке қарсы жаққа қолдау білдіру олардың қолдарынан келмейді. Мамандандырылған әкімшілік соттар құру туралы шешім осыған байланысты. Алайда, біздің жүйемізде судьялардың қаншалықты тәуелсіз болатыны бәрібір де белгісіз.

Ол жерде жұмыс істеуге қазіргі қызметтегі судьялар немесе бұрынғы полиция мен прокурорлар емес, салыстырмалы түрде тәуелсіз заңгерлер келуі керек, олар әлдеқайда әділетті сот жүргізеді,

кәдімгі соттарға қарағанда.

Істі білетіндер

Тағы мысалдар: Қазақстанда қазірдің өзінде экономикалық, мамандандырылған қылмыстық және ювеналдық соттар бар. Әр облыста бір-екіден, және бұл жеткілікті. Себебі, мысалға алсақ,

кәмелетке толмағандар бойынша процестер көп емес, сондықтан Алматы облысына екі ювеналды сот жетеді – біреуі Талдықорғанда, екіншісі Қаскелеңде

Облыстың кейбір аудандары біреуіне, кейбіреулері екіншісіне жатады. Кәмелетке толмағандармен осы мәселелерге қатысты әртүрлі психологиялық нюанстарды ескеретін жеке судьялар айналысқаны дұрыс шығар, – деп түсіндірді заңгер.

Еңбек соттарын құрудың артықшылықтары

Қазақстанда мамандандырылған еңбек соттарын құруға қатысты Қазақ еңбек ҒЗИ профессоры және директоры Серікжан Берешев басқаша пікір білдірді. Ол мұндай сот қажет деп санайды. Жиі кездесетін жағдайда

кәдімгі соттарда еңбек мәселелері өте ұзақ уақыт қаралады. Еңбек соттарында әлдеқайда тезірек болады

– Азаматтық істермен айналысатын жалпы азаматтық судьялар көптеген нюанстарды білмейді және еңбек қатынастарында үнемі мамандандырылған сарапшыларға немесе мамандандырылған әдебиеттерге жүгінуге мәжбүр. Ал

мамандандырылған соттарда дауларды еңбек құқығымен тікелей айналысатын кәсіпқой мамандар шешетін болады

Германияда мұндай соттар бар. Тәжірибе көрсеткендей, олардағы шешімдердің 90%-дан астамы жұмысшылардың пайдасына шешіледі. Бізде осындай қанша сот құру керектігіне келетін болсақ, өңірлердегі еңбек мәселелері бойынша түсетін талап-арыздардың жалпы санына қарау керек. Егер 30-40% болса, аудандық еңбек сотын құрып, жекелеген жағдайларда облыстық соттар құру қажет, — деп есептейді Берешев.

Кәсіподақтарға кәсібилік жетіспейді

Бүгінде Қазақстанда, көптеген дамыған және дамушы елдердегідей, еңбек қатынастары мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары айналысады. Алайда, Берешевтің пікірінше, оларға кәсібилік жетіспейді.

– Дамыған елдерде кәсіподақ өкілдері, әдетте, жалдамалы жоғары білікті заңгерлер мен экономистер болып табылады

Бізде көбінесе кәсіподақ қызметкерлерін кәсіпорын қызметкерлерінің ішінен өздері ұсынады. Олар көбінесе өз құқықтарын қорғауға дайын емес. Мысалы, көптеген адамдар кәсіпорындардағы жалақы төлеу туралы ережелерді тек қана жұмыс беруші бекітетініне сенімді.

Серікжан Берешев

Ал заңға сәйкес жалақы туралы ереже еңбек шартында немесе ұжымдық шартта жасалуы мүмкін. Тек сирек жағдайда ғана — жұмыс берушінің актісімен айқындалады. Яғни көбінесе

кәсіподақтар жұмыс берушімен бірлесе отырып, еңбекақы төлеу мәселелерін қарастыруы керек. Олар өздеріне осындай мүмкіндік берілуін талап етуі қажет

Өкінішке орай, барлық кәсіподақ қайраткерлерінде мұндай қасиеттері бола бермейді. Бұл олардың тиімді жұмысы атқаруына кедергі келтіреді, — деп санайды профессор.

Кәсіподақтар емес, резонанс шешеді

Сергей Уткин мемлекеттің авторитарлық моделін және азаматтық институттардың дамымағандығын ескере отырып, түрлі бірлестіктерге кез-келген еркіндіктің берілуі оны түбірімен жоятынына сенімді. Бұл мүлдем тәуелсіздігі жоқ кәсіподақтарға да қатысты. Сондықтан олардың пайдасы аз.

– Егер жұмысшыларда қиындық туындаса, олар мемлекетке көбірек жүгінеді.

Ереуілдер жоғары лауазымды шенеуніктердің назарын аударып, резонанс тудыру үшін ұйымдастырылады

Яғни, қызметкердің құқықтары бұзылған кезде, процесс компания ішінде шешілмейді, сыртқа шығады. Бізде кәсіподақтардың күші жоқ, – деп қорытындылады заңгер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз