Шетел валюталарының биржалық спот-нарығындағы айналымдардың күтпеген жерден төмендеуі 2021 жылдың бес айының қорытындысы бойынша ұлттық экономиканың жандануы туралы оптимистік ресми деректердің шынайылығына күмән тудырды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында өткен Үкімет отырысында қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның ЖІӨ өскендігі туралы деректер келтірілген болатын. Жалпы өсім 1,6%-ды құрады, оның ішінде
Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік (1,3%), қаржы және сақтандыру қызметінде (1,6%) операциялар көлемі ұлғайды.
Неліктен экономика жанданған кезде долларға деген сұраныс күрт төмендеді? Айта кетейәк, бұл риторикалық сұрақ және де кәсіпкерлер мен банкирлерге емес, статистика жасаушыларға бағытталған сұрақ.
Бірыңғай еуропалық валютаның сауда-саттық көлемі де күрт төмендеді – 2,1 есе 5,5 млн. еуроға дейін. Қытай валютасының айналымы да 4,7%-ға 207,9 млн. юаньға дейін азайған. Басымдылық Ресей валютасында – мамыр айындағы айналым сәуір айына қарағанда 9,1%-ға 2 млрд.122,4 млн. рубльге дейін ұлғайған.
Бірақ банктер бір-біріне шетел валютасын қарызға беретін KASE своп-нарығында (қазір бұл тек доллар) екінші ай қатарынан айтарлықтай жандану орын алды. Сәуірде наурыз айымен салыстырғанда мәмілелер көлемі 4,0%-ға $1 млрд. 713,6 млн-ға дейін, абсолюттік мәнде – $65,5 млн-ға дейін ұлғайды. Мамырда өткен айға қарағанда өсім 28,0%-ға немесе $ 40,3 млн-ға $2 млрд. 193,9 млн-ға дейін ұлғайды.
Бұл ретте осы нарықта айқын белсенділігімен мемлекетаралық “Еуразиялық даму банкімен” бірге шетелдік банктердің “еншілес” банктері емес, отандық “Қазақстан Халық банкі”, “Bank RBK” және “ForteBank” ерекшеленуде,
Бұрындары валюталық своп-нарықтағы жандану, әдетте теңгенің кезекті девальвациясының алдында болатын,
бірақ бұл жердегі айналымның өсу қарқыны мұндай болжам жасауға әзірге жеткіліксіз – өйткені мамыр айында мөлшері бойынша 2021 жылғы үшінші нәтиже көрсетілді.
Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларымен жүргізілген сауда-саттық көлемі, млн USD