Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Картоптың бағасын қараңдаршы?”. Мақпал Жүнісова неге ашулы?

“Картоптың да, басқа да азық-түліктің бағасы қымбаттады. Айтарымыз, жарайды қымбаттаса да, елдің алатын айлығы да өсу керек”, – дейді әнші.

Халық әртісі үйге азық-түлікті өзі таситын болып шықты. Алайда нан табу жұмысым болғанымен, үй шаруасымен айналысу бауырларымның мойнында, дейді ол.

“Үйде әпкелерім, жиен қыздар бар. Асты солар дайындайды. Мен тек үйде болғанда әзірлеймін. Менікі ақша табу, азық-түлік алып келу.

Бір үйге бір асыраушы керек қой. Ол баяғыдан сондай болған. Бауырмал болу, бір-біріңе көмек беру, соның бәрі маған жүктелген сияқты. Мен оған өкінбеймін, Аллаға мың шүкір деймін. Бауырларым үшін жұмыс істеймін”, – деп ағынан жарылды әнші.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз