Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-11
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Карл Лагерфельдтің мысығы оның жалғыз мұрагері атануы мүмкін

223
Yunews.kz
Модельер оны 2011 жылы асырап алған — досы жануарға бас-көз бола тұруды сұрап, одан кейін алып кетпеген, деп хабарлайды РИА Новости.

Содан кейін Лагерьфельд сүйікті мысығы туралы кітап жазады, ал мысықтың Instagram және Twitter-де парақшалары пайда болады. LCI телеарнасы атап өткендей, Шупетт өзі де аз ақша таппаған: оның фотосессияларға алатын гонорары үш миллион еуро болған.

Лагерьфельд үй жануарын “менің әлемім” деп бірнеше рет айтқан болатын.

“Шупеттің өзінің жағдайы баршылық, ол мұрагер. Егер менімен бірдеңе болса, өзіне қамқорлыққа алған адам ештеңеге мұқтаж болмайды” –

деген екен Лагерфельд 2015 жылы берген бір сұхбатында.

© AFP 2019 / dpa / Jens Kalaene

Point басылымы атап өткендей, кутюрье өлгеннен кейін оны кремациялауды өтінген, ал оның күлін анасы мен мысығының күлімен бірге шашып жіберуді сұраған. Алайда, мысық одан бұрын өлген жағдайда ғана.

Figaro газеті хабарлағандай, Францияда жануарларға мұра қалдыруға тыйым салынған. Модельер Германия азаматы болғанымен, мұра туралы дау болған жағдайда Заң бойынша қайтыс болған адамның Франция жерінде дүние салғаны есепке алынады.

Бұған балама шешімдер де бар екен. Мысалы, мысықты өз қамқорлығына алатын қор немесе Лагерфельд өсиетте көрсеткен жеке тұлға.

Атақты кутюрье сейсенбі күні 85 жасында қайтыс болды. Public журналы өлімнің себебі ұйқы безінің обыры болғанын хабарлады.

Карл Лагерфельд Гамбургте банктік қызметшінің бай отбасында дүниеге келген. 1952 жылы Парижге көшіп келіп, 1974 жылы Karl Lagerfeld Impression атты өз желісін құрды. 1983 жылы ол Chanel үйінің көркемдік директоры атанады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз