Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Кәріз құдығына түсіп, көз жұмған оқушының жайына қатысты әкімдік түсінік берді

133

Бұл туралы қалалық баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетелік, кәріз құдығы Қошқарбаев пен Өзбекәлі Жәнібек көшелерінің қиылысында орналасқан. Марқұм туған-туысқандарымен 24 қарашада сағат 16:00-ден бері байланысқа шықпаған. Қыздың денесі бір тәулік өткен соң табылып отыр.

«Қазіргі уақытта қылмыстық тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Әкім Бақыт Сұлтанов қаланың барлық қызметтеріне  65 мың кәріз құдығын арнайы тексеру жүргізуді тапсырды. Тек соңғы айда қала тұрғындарынан ашық қалған құдық мәселесіне қатысты 109 қызметіне 356 өтініш келіп түскен екен, одан бөлек қала коммуналдық қызметтері тағы мыңдаған ашық құдықтарды тауып, жапты.

Қала бойынша барлық ашық қалған кәріз құдықтары жедел жабылады. Ал соңғы бір апта көлемінде 109 қызметіне 214 өтініш келіп түсті», – деді Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ол көз жұмған Аружан Маратованың отбасына түрлі деңгейде қолдау көрсетілетінін айтып өтті.

Одан бөлек, баспасөз хатшысы қала әкімі кәріз құдық қақпақтарының ұрлығына қарсы жүйелі шаралар қабылдап, ұрлыққа қарсы шешілмейтін арнайы құлыптар орнатуды тапсырғанын да тілге тиек етті.

Еске салсақ, кеше Астана қаласындағы кәріз құдығынан 14 жастағы қыздың денесі табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз