Ал керек болса! Мынау сенсация ғой. Бір жыл ішінде көрші елде 324,3 мың сәби дүниеге келгкен. Бала туу саны бойынша Самарқанд, Қашқадәрия мен Сұрхандәрия облыстары көш бастап тұр.
Өзбекстан халқының саны 2018 жылы 32,9 млн адамға жетті, деп хабарлайды республиканың мемлеукеттік статистика жөніндегі комитетіне сілтеме жасаған Sputnik.
Өсім бойынша бірінші орында Самарқанд облысы тұр, қазір онда, шамамен, 3,8 млн адам тұрады, көш соңында Сырдәрия облысы тұр, мұнда халық саны 1-шілдедегі мәліметтер бойынша 821,9 мың адамға жетіп жығылған.
Жалпы, ел халқының саны 243,4 мың адамға өскен, оның 50 проценттен сәл ғана астамы қалаларда тұрады.
Ағымдағы жылғы сәуірде республиканың статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті өзбекстандықтардың еңбекақысы жөніндегі тоқсандық есепті жариялады. Ведомствоның мәліметтері бойынша,
2018 жылғы қаңтар-наурыз айларында еңбекақының ең көп өсімі байланыс және ақпарат саласында байқалған, олардан кейін, қаржы және сақтандыру салалары тұр.
Бұдан бұрын біз 79 жасқа қараған шағында көз жұмған Өзбекстан президентінің халқына жасап кеткен 5 жақсылығы жайлы жазған едік. Бұл «5 жақсылық» оның өз халқына жасаған ізгі әрекеттерінің бір парасы ғана. Журналист Амангелді Ақынов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осы туралы ойымен бөліскен екен. Әрі қарапайым, әрі оқылымды дүние болғасын көз ілмей өте алмадық.
Мен тек Ислам Кәрімовтің еліне жасаған жақсылықтарының бір парасын тізіп шығамын. Себебі, өлген кісінің жаман ісін айтпайды дейді.
https://kaz.365info.kz/ash-ynda-y-zbek-oppozitsioneri-ajt-anym-ajdaj-keldi-k-rimov-ta-ynda-ldi-223239
1. Елдің сыртқы қарызы жоқ екен (тым аз, жоқтың қасы).
2. Елдің ішіне сырттан түрлі діни ағымдардың бірде-біреуін кіргізбеген. Идеологиясы мықты.
3. 1991 жылы халқы 19 миллион болса, соны 31 миллионға жеткізген (33-35 млн. бар дейді).
4. Елінің тілін, дінін, дәстүрін жақсы сақтап қалған (елінде өзге ұлт өкілдері, оның ішінде орыстардың өзі өзбекше сөйлейді.) Міне мықтылық! Идеологиясы мықты және патриоттығы жоғары.
5. Елінде көлік те, ұшақ та шығарылады. Яғни, «бізде бәрі шығарылады» деген жалған ұран мен «көзбояушылық» жоқ.
Мықты басшы келсе, Өзбекстан елі тез дамып кетеді.
https://kaz.365info.kz/garysh-salasyndagy-baseke-mirziyoev-baskhargan-ozbekistan-khazakhstandy-basyp-oza-ma-302377