Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Карантинге жабылған жолаушылар жасалған жағдайдың нашарлығын айтып шағымдануда

101
Дереккөзі: rugr.gr
Алайда ауруханада ұстау шарттарына олардың көңілі толмады, деп хабарлайды Lada.kz.

 

Бізде Стамбулдан бір күнде бірнеше рейс келді. Ақтауға келген бойда бізді  бір сағат бойы ұшақтан шығарған жоқ. Сағат 06:50-де кішкентай балалармен бірге суық автобусқа отырғызып, провизорлық стационарға апарды.

Ондағы жағдай барлығын таңғалдырды. Біріншіден, палаталар суық, жағымсыз иіс бар, шкаф пен душ жоқ, Сүлгілер жоқ, медициналық қызметкерлер суық тамақ әкеледі. Нағыз күйзелісті бастан өткердік. Мұндай жағдайларда кейбіреулерге тіпті  суық тиюі мүмкін. Дәрігерлер біздің осында келіп ауырып қалғанымызды қалайтындай көрінді, деді жолаушылардың бірі.

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы бұл шағымдарға әзірге түсініктеме берген жоқ. Белгіленген ережелерге сәйкес, COVID-19 тестінен өткендігі туралы анықтамасыз екінші санаттағы елдерден (Түркия да оған жатады) келген жолаушылар екі күндік карантинге орналастырылады. Олардан вирус жұқтырғанын анықтау үшін сынақ алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз