Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Карантин жариялаудың қажеті жоқ, вакцинация да керек емес – министр

Сондай-ақ,

министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, өзінің балаларын менингококк инфекциясынан вакцинацияламағанын айтып өтті.

“Нормативтік-құқықтық базамызға сәйкес, вакцинация бойынша шешімді жұқпалы арулар бойынша ұлттық координациялық консультативтік комитеті шығарады. Отырыс өткен аптада болды, оған инфекционистер мен эпидемиологтар келді.

Олар вакцинация енгізу мәселесін қазір ерте және менингит бойынша вакцинация жүргізуді ұлттық күнтізбеге енгізуге қажеттілігі жоқ деген шешім шығарды.

Бұл тиімсіз әрі шығыны көп шара болар еді”, – деп мәлімдеді министр.

“Ауру жұқтырғандардың саны орташа-бақылаудағы деңгейде”, – деді Елжан Біртанов.

Осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, кеше, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, бүгін Қызылордада және Алматыда 27 жастағы ер адамдар менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны жарияланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз