Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Карантин мен нәсілшілдік: АҚШ-тағы қара нәсілділердің бизнесі басқаларға қарағанда көбірек жапа шеккен

245
Сурет: augustman.com

«Джордж Флойдтың өліміне байланысты жалпыұлттық толқын аясында несие, инвестиция, жұмыспен қамту мен жекеменшікке қатысты нәсілдік тепе-теңдікке қол жеткізе аламыз», — дейді зерттеушілер.

Атап айтқанда, әңгіме бизнес-қоғамдастықта орныққан құрылымдық нәсілшілдік туралы болып отыр. Мақала авторларының айтуынша,

афроамерикандықтарға тиесілі кәсіпорындардың қаржылық инвестицияға берген өтініштерін жүйелі түрде кері қайтарады

Бұл қара нәсілді кәсіпкерлерге қажетті материалдық игіліктерді және жалпы ұлттық өнімділікке шектеу болады.

Тек қана сандар

Авторлар мамыр айында  Санақ бюросы әзірлеген жаңартылған Жыл сайын бизнес өкілдерінің арасында жүргізілетін сауалнамаға  (ABS) назар аударуды ұсынады.

CОVID-19-дың кәсіпорындарға әсерін және Конгрестің жақында ірі федералдық көмек пакеттерін қабылдағанын ескерсек, 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңді қамтитын сауалнаманы ескірген деп атауға болады.

Дегенмен, құжат COVID-19 дейін де қара нәсілді бизнес иелеріне теріс әсер еткен ескі бизнес-індетті анық көрсетеді. Бұл өз кезегінде бизнес әлеміндегі құрылымдық нәсілшілдікке қарсы күреске арналған шығындарды ынталандырып,  көмек көрсету қажеттілігін  көрсетеді.

2017 жылғы жағдай бойынша АҚШ-та жалдамалы қызметкерлері бар 5,7 млн компания тіркелген. Олардың тек 2,2%-ы қара нәсілділерге тиесілі. Алайда

есептің нәтижесі бойынша афроамерикалықтар  ел халқының 12,7%-ын құрайды

2012-ден 2017 жылға дейін Америкада 320 000 жаңа кәсіпорындар пайда болды, бірақ олардың тек 4,6%-ы қара нәсілділерге тиесілі.

Бизнес иелерінің арасында әйелдер, атап айтқанда, қара нәсілді әйелдердің саны аз. Әйелдер АҚШ халқының жартысынан астамын құрайды, бірақ 2017 жылы олар бес кәсіпорынның біріне ғана ие болған (1,1 млн сәл астам). Бұл көрсеткіш 2012 жылдан бері өзгерген жоқ.

Қара әйелдер ел халқының 6,6%-ын құраса да, олар 2017 жылы елдегі кәсіпорындардың 1%-ға жетер-жетпес бөлігіне (130) ие болды.

Брукингс институтының айтуынша, афроамерикалықтардың бизнеске жеткілікті араласпауы олардың экономикалық өсуіне кедергі келтіруде

2017 жылы қара нәсілді адамдарға тиесілі компанияларда  1,2 млн қызметкер жұмыс істеді. Ал АҚШ-тағы жалдамалы қызметкерлердің жалпы саны — 56,8 млн адам.

COVID-19 пандемиясының жалғасуы жағдайды ушықтыруда. Карантиндік шаралар мен тосқауылдардың  барлық ауыртпалығы қара кәсіпкерлердің мойнына түскенін дәлелдейтін деректер бар.

Стэнфорд экономикалық саясатты зерттеу институтының мәліметтеріне сәйкес, қара нәсілді бизнес иелерінің 40%-ы сәуір айында жұмыс істемеген. Ал ақ нәсілді бизнес иелерінің небәрі 17%-ы жұмысын тоқтатқан.

Қара нәсілділер жұмыс істейтін саладағы дағдарыс

Сонымен қатар, қара нәсілділерге тиесілі кәсіпорындар өз табысының басым бөлігін рецессиядан зардап шеккен секторлардан  алады.

Қара нәсілдерге тиесілі фирмалар 2017 жылы шамамен $128 млрд алды, және

ең үлкен үлес ($24,5 млрд немесе 19%) денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер секторларына тиесілі

Денсаулық сақтау афроамерикандықтарға жұмыс орынын ұсынып отырған қара нәсілділердің арасында көп таралған сала. Саладағы кәсіпорындардың  32%-ы және қызметкерлердің 37%-ы  қара нәсілділерге тиесілі.

Пандемия кезінде дәрігерлер мен ауруханаларға ресурстар бөлінгеніне қарамастан, денсаулық сақтау индустриясы тарихи күйреуді бастан кешуде.

Түсімнің көлемі бойынша қара нәсілділерге пайда әкелетін екінші сектор бөлшек сауда ($16,9 млрд) саласы, ол да пандемиядан ерекше зардап шекті.

Түйін

«Қара нәсілдер басқаратын бизнеске инвестиция салынбауы мен осалдығын ескере отырып, біз мемлекеттен де, жеке инвесторлардан да инвестиция тарту арқылы ұлттық бағдарламалар құруымыз керек», — деп есептейді сарапшылар.

Қаржы ағынын ұлғайту қара нәсілді кәсіпкерлердің бизнес әлеуетін арттырудағы құрылымдық кедергілерді жояды. Өз кезегінде бұл афроамерикандықтардың табысы мен әл-ауқатын арттырады. Сонымен қатар, мұндай шаралар жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, қара нәсілділер тұратын аудандарды жандандырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз