Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Карантин: Облыстан Алматыға кіру рұқсаты кімдерге берілді?

970
Сурет: Григорий Беденко
Бірақ олардың қолында соңғы 7 күнде коронавирусты жоққа шығаратын ПТР тесті тіркелген 201/у формалы анықтамасы болуы керек. Келесі адамдар тобына қалаға кіруге және шығуға рұқсат берілді:

 

  • Алматы қаласынан/қаласына ауысқан  ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері, сондай-ақ ҚР ҰҚК ШҚ үшін азық-түлік, материалдар жеткізуді жүзеге асыратын және де ҚР ҰҚК ШҚ объектілерін жөндеу мен салуды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері мен көлігі;
  • ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты лауазымдарға тағайындалған ҚР қорғаныс министрлігі әскери қызметшілері;
  • ҚР ҚМ қолбасшылар басқармаларының әскери қызметшілері;
  • қылмыстық немесе әкімшілік іс жүргізу шеңберінде жұмыс атқаратын құқық қорғау және арнайы органдардың күн тәртібі бар адамдар және олардың көлігі;
  • Алматы қ. немесе басқа аймақтарда қамқоршыларсыз жүрген кәмелетке толмағандар,  оның ішінде Алматы қ. немесе басқа өңірлерде жүрген кәмелетке толмағандарды көлікпен алып жүрген жақын туыстары;
  • жақын туысының жерлеуіне қатысатын адамдар және олардың көлігі;
  • медициналық ұйымдарда ауыр жағдайдағы жақын туыстарына баратын адамдар;
  • ұйымдастыру-штаттық іс-шараларды жүргізетін әскери қызметшілер;
  • әскери-медициналық қызмет өкілдері;
  •  өндірістік қажеттілік бойынша жұмысқа шақыртылған медициналық ұйымдардың қызметкерлері;
  • Алматы қаласының шекарасынан тыс биологиялық материалды (қан, талдау және басқа) алуға қатысатын тұлғалар;
  • науқасты тасымалдаған медициналық ұйымдардың қызметкерлері,
  • вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер;
  • омарташылар;
  • құрылыс-монтаж және жол-құрылыс ұйымдары;
  • Алматы қаласында қызметіне рұқсат етілген ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері;
  • гуманитарлық жүкті тасымалдайтын және алып жүретін адамдар мен көлік.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз