Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Карантин 2020: едәуір қымбаттаған не?

2020 жылы Қазақстанда инфляция 7,5%-ды құрады. Бұл ретте негізгі драйвер 11,3% көрсеткішпен азық-түлік тауарлары болды. Азық-түлік емес тауарлар инфляцияны ұстап тұрды, инфляция орташа есеппен 5,5%-ды құрады. Алайда тауарлардың 5 түріне баға айтарлықтай өсті.

Бүйрек препараттары

2020 жылы дәрі-дәрмектер ерекше сұранысқа ие болды, бұл бағаға әсер етпей қоймады. Мысалы, бүйрек препараттарының құны бір жылда 11,9%-ға өсті (2019 жылы – 5,9%). Негізгі өсім сәуірге тап келді. Ол кезде көрсеткіш 1,9%-ға жетті. (2018 жылдың сәуірінен бастап ең жоғары айлық өсу – 2,1%). Алайда өсім онымен тоқтап қалмады. Дәрі-дәрмектер жылдың 5 айында 1%-дан астамға қымбаттады. Соңғы 10 жылда бұл тек 2015 жылы ғана болған жағдай.

  • Бүйрек препараттарының бағасының өсуі қатарынан 17 ай бойы жалғасуда.
  • Орташа айлық қарқын – 0,8%.

Сабын

Дәретхана сабыны 10 жылдан, яғни 2011 жылдан бері ай сайын қымбаттап келеді. Тек 2011 жылдың шілдесінде, яғни 113 ай бұрын оның құны өзгерген жоқ. Бірақ 2020 жылы өсу динамикасы ерекше көзге түсті. Биыл жеке гигиена мәселелері, оның ішінде қолды жиі жуу маңызды әдетке айналды және сабынға деген сұраныс күрт өсті. Нәтижесінде, бір жыл ішінде оның құны 12,9%-ға жоғарылады (бір жыл бұрын 6,4%).

  • Сабыны бағасының наурыз айындағы өсуі 2,1%-ды құрады. Бұл – 2016 жылдың ақпан айынан бастап ең жоғары өсім (2,3%).

Кір сабын

Егер дәретхана сабыны жеке пайдалануға арналған тауарларға жатса, онда кір сабын – жуу және тазалау құралдарына жатады және оның да қажеттілігі 2020 жылы өсті. Бір жыл ішінде ол 10,2%-ға қымбаттады, негізгі өсу драйвері кір сабын болды. Өсім көрсеткіші 13,7%-ға жетті (2019 жылы 8,7%).

Бағаның күрт өсуі алдыңғы жағдайлардағыдай карантинге тап келді: сәуір айында кір сабын 4,3%-ға қымбаттады (2015 жылдың қарашасынан бастап ең жоғары көрсеткіш, ол кезде олар 6,8% құрады).

  • Кір сабын бағасының өсу қарқыны айтарлықтай тұрақты: 2020 жылдың мамыр-желтоқсан айларында олар айына орташа есеппен 0,85%-ға өсіп отырды.
  • Соңғы рет Қазақстанда кір сабын 2018 жылдың шілдесінде арзандады. Содан бері 29 ай өтіпті

Қызу түсіретін дәрілер

2020 жылғы басты дәрі-дәрмегі – қызу түсіретін дәрілер шығар. Бір жыл ішінде бұл тауардың бағасы бір жыл бұрынғы 7,5%-ға қарағанда 16,9%-ға өсті.

  • Дәрі бағасы елімізде қатаң карантин басталғанға дейін қымбаттаған жоқ. Жылдың алғашқы үш айында небәрі 0,2%-ға ғана өсті.
  • 2016 ақпанынан бастап ең жоғары деңгейдегі өсім сәуірде тіркелді (содан кейін бағалар 4,2%-ға өсті).

Антисептиктер

2020 жылы антисептикалық құралдар коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрестің негізгі құралы ретінде барлық қазақстандықтардың өмірінің бөлігіне айналды. Нәтижесінде, бір жыл ішінде олардың құны 33,1%-ға өсті. Бұл инфляция қарқынынан 4,4 есе жылдам және азық-түлік емес тауарлар бағасының өсу қарқынынан 6 есе жоғары.

10 ай бойы (ақпаннан қарашаны қоса алғанда) бағаның өсу қарқыны 1,5%-дан төмен болған жоқ. Алдыңғы 9 жыл ішінде ұқсас сандар 11 айда ғана тіркелген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз