Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Канелоны спаррингте құлата алмадым, бірақ 16 қыркүйекте құлатамын – Головкин

– Канеломен өтетін жекпе-жекке дайындығың қалай?

– Әдеттегідей, 100 пайыздық. Бірақ, бұл жолғы дайындық басқаларынан өзгеше. Өйткені, мен Канелоны, Канело мені жақсы біледі. Біз осыдан 4 жылдай уақыт бұрын бірге жаттықтық. Сондықтан, біз қазір жаттығуды өзгеше етіп өткізіп жатырмыз. Менің бапкерім Абель Санчестің өз жоспары бар.

– Өзара спарринг болды ғой?

– Иә, төрт жыл бұрын.

– Қалай екен?

– Өте күшті.

– Құлата алдың ба?

– Жоқ. Бірақ, 16 қыркүйекте құлатамын деп ойлаймын.

– Қалай ойлайсың, бұл кездесу толық 12 раундқа созыла ма?

– Ол жағын айта алмаймын. Бұл бокс. Бұл екеуміз үшін де өте үлкен жекпе-жек. Біз екеуміз де Big Drama Show көрсетуге дайынбыз, мейлі ол нокаут болсын, мейлі толық жекпе-жек болсын.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді.

Дереккөзsn.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз