Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Канело Головкинмен өткен жекпе-жектен кейін ота жасатқан болып шықты

Дереккөз мәліметінше, Альварес жарақатты жаттығу лагерінде алғаны анықталды, ал жекпе-жектен соң оның қолына ота жасалып, оң қолынан бөлшек сүйегін алып тастаған. Мұндай ота жасалғаннан кейін кемінде алты апта жұдырықтасуға тыйым салынады екен.

Compubox статистикасына сәйкес, сол жекпе-жекте Альварес 505 соққы жұмсаған, оның 169-ы дәл тиген. Екі компонент бойынша Головкин басымдық танытты – 703 соққы, оның 218-і дөп тиген.

Сондай-ақ бұл Альварестің қолындағы бірінші жарақаты емес. 2016 жылы қыркүйекте ол Лиам Смитті нокаутқа түсірді, алайда ол бас бармағын сындырып алды. Сол жекпе-жек мексикалық үшін бірінші орта салмақтағы ең соңғы кездесу еді. Содан кейін ол тек сегіз ай өтті дегенде ғана шаршы алаңға қайтып оралды. Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда не қыркүйекте шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз