Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Канадада карантинде қалып қойған қазақ төрт әуежай, үш әуе компаниясы, екі транзит арқылы елге оралды

233

Қайтар жолда үш ел аумағынан өткен. Бастапқыда Әділет Әйелімен және қызыимен бірге Торонтодан Монреальға жетеді. Монральдан Парижге келеді. Ол жақтан Минскіге, Минскіден Алматыға келген. Ол Рамазан айының соңғы он күнін өзінің үйінде, жақындары мен достарының ортасында өткізуді армандайды.

Пандемия Америкада қалай басталды

7 наурызда Әділет отбасымен Нью-Йоркке ұшып кетті.

— Нью-Йорк, менің студенттік кезімді өткізген қала, жұбайымның да көңілінен шықты, ал мен жігіттік шағымды еске түсіріп, ләззат алдым. Ұшар алдында тұмауратып қалғандықтан, шекарада кедергі бола ма уайымдадым. Бірақ бәрі тыныш өтті — Франкфуртте де, Нью-Йоркте де ешкім ештеңе тексермеді және сұрамады да.

Менен басқа ешкім бетперде кигенін көрмедім.

Бірақ апта соңында АҚШ-та ақпараттық эпидемия толқыны жүрді. Біз Ниагара арқылы Канадаға қарай пойызбен кетіп бара жатқанда, Big Apple-де өмір қайнап тұрған.

Канадада бақылауға тап болып, сұрақтардың астында қалдық. Бір қытайлық жігітті қайтарып жіберді. Сұрақтарына жауап алғаннан кейін бізді еш қиындықсыз өткізді, алайда ел арасында дүрлігу басталған еді.

Торонто әлі де қалыпты тіршілік кешіп тұрғанымен, суперматкеттерден дәретхана қағазын талап жатты

Оттава және қазақстандық елшілік

— Канаданың астанасы шеткі аймақта орналасқан. Сондықтан қаңғыбастар мен маскүнемдер өте көп екен.

Сол кезде біздің де бойымызды үрей билей бастаған еді

Елшілікке қоңырау шалдым, ол біздің қонақ үйден бір-екі көше ары еді. Бұрыннан танитын елшінің көмекшісімен сөйлесіп, кездесуге келістім. Ең болмағанда кездесуге келіскен сияқты болдым.

Бүгін, 8 мамыр, ал олар әлі күнге дейін қайта хабарласқан жоқ. Менің СІМ жолдаған өтінішім де жауапсыз қалды.

Содан кейін мен Торонто қаласындағы Бас консулдығымен байланыс орнаттым, мәліметтер мен телефон номерімді бердім. Осы сәтте менің  менің патриоттық сезімім сынға түсті. Өзіңе өзің ғана көмектесе аласың.  Мемлекетке біздің тәжірибеміз де, көмегіміз де, миымыз да, ұмтылысымыз да қажет емес.

Барлық рейсті тоқтатты, мектептер жабылды

— Lufthansaбарлық рейс тоқтатылды деген хат жолдады. «Эйр Астанадан» билет алуға тырысып едік, ол жақтан да билет жоқ деген жауап алдық.

Содан кейін АҚШ пен Канаданың шекарасын жауып тастады, біз достарымызбен де кездесе алмадық.

Барлығы «bizbirgemyz» авиакомпаниялары, ал біз билетсіз қалдық. «Люфтганзбен» екі ай бойы келіссөз  жүргізіп,  ұсыныста, көмек те ала алмадық.

Қызым оқитын мектеп, алдымен сабақты тоқтатты, сосын балаларды алып кетіңіздер, жатахана жабылып жатыр деген хабарлама жіберді.

Абырой болып, мен жанында болдым? Егер Америкада болмасам не бола еді ?Елестетудің өзі қорқынышты.

Дағдарыс менеджменті

— Алдымен рейстер 6-сына дейін, содан кейін 19-шы сәуірге дейін, ал кейін тіпті 4-ші мамырға дейін кейінге қалдырылатынын айтты. 3 мамырда 31 мамырға дейін ұзартылатынын хабарлады. Барлығы тек «bizbigemyz», «staysave» деп ұрандатып жүрді. Мұндай сәттерде мен шындықты мүлдем басқаша қабылдай бастаймын.  Канадада мен бірден  booking.com  арқылы пана болатын жерді іздей бастадым.  Ұзақ уақытқа және Онтарио көліне жақын жерде, орталықтан болғанын қаладым.

Пандемия кезінде Канадада да, Белорусте де жалға алу құны арзандап кеткен

Көлдің жағасынан екі бөлмелі үйде жалға алып, уақытын екі рет создырдық. Өз үйіміздегідей өмір сүрдік.

Үйге қайтатын билет алғанымыз біз үшін сыйлық болды

Торонтодағы Рамазан

— Рамазан айының алғашқы 12 күнін Торонто қаласында өткіздім. Алғаш рет жасағанын Оразаны батыс жарты шарда ұстадым. Бұл керемет болды.

Жаңа сүрелерді жаттап, Алла Тағалаға табындым. Дұға айтып, тілек тіледім. Менің тілегім қабыл болып, Президент Тоқаев 11 мамыр күні ТЖ режимі тоқтатылады деп мәлімдеме жасады.

Бұл бір белгі еді. Сондай-ақ Торонтадағы пәтердің де мерзімін ұзарту мүмкін болмады.

Монреаль, Париж бен Минск арқылы Алматыға кері қайтатын билеттің әр адамға мың доллардан шықты. «Эйр Астананың» 17 мамырдағы кері рейсінің билетінің бағасы әр адамға +/- 800 мың теңгеден айналды.

Мен 2 типті диабетпен ауырамын.

Дәрілерім сәуірдің бастапқы кезеңінде-ақ таусылып қалған. Вирус бойынша мен қауіпті аймақтамын. Ал Канадада мұндай дәрілер тек рецепті бойынша беріледі

Қол жеткізуге тырысып көріп едік, еш нәтиже болмады. Барлығы коронавируспен күресуге жұмылдырылған.

Үйге апарар жол

Бірден шешім қабылдап, билеттерді сатып алып, портқа қарай жол тарттық.

Мойындаймын, барлығы қалай болар екен деп өте қатты алаңдадым. Бағытымыз өте күрделі еді. Төрт әуежай, екі транзит, үш әуе компаниясы.  Әрқайсысының өз талабы бар.

Торонтода құжаттарымызға аса назар аударып тексермеді. Монреальдан Парижге ұшар кезде де, Шарля де Голл портында да ешкім құжат сұрамады.

Шынымды айтсам, ауекомпаниялары мен әуежайлардағы әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы талаптардың барлығы көзбояушылық үшін жасалған

Жапсырмалар, есертулер тұрғанымен, өздері ешнәрсе жасап жатқан жоқ. Жұмысшылардың көбі бетпердесіз жүр. Барлығын топпен ұшаққа отырғызды. Торонтодан Монреальға ұшқан ішкі рестен басқа еш жерде зарарсыздандыру жүргізгенін көрмедім.

Сондықтан түрлі ақылды мақалалардағы ақпараттарға сыни көзбен қараңыздар. Шындығына келгенде бәрі басқаша.

Терминалдардың бос тұрғанын көру біртүрлі екен. Ақырзаман туралы фильмдердегідей. Тыныштық. Барлығы жабық. Барлық жерде түрлі ескерту жапсырмалары бар.

Мұнда баруға болмайды. Ол жаққа аяқ баспа. Дәретханалардың барлығы жабық, біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Кафелер жұмыс істемейді.

Минскіде бірнеше құжатты толтырдық. Егер ауырсаң карантинге жібереді. Бірақ ешкім ешнәрсе сұрамады. Барлығы тыныш, өз жұмысымен айналысуда.

Жақында Алматы әуежайында халықаралық рейстер ашылса, біз де үйге ораламыз. Қасиетті рамазан айының соңғы он күнін үйде, жақындарым мен достарымның  өткізетініме сенімдімін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз