Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Кабинетіне қамап қойды…”. Сарыағашта мектеп директоры мұғалімді соққыға жыққан (видео)

188

“Хатшылар кабинетінде арыз жазып отырған едім. Директор Әділ ағай келіп не істеп жатсыңдар деді? Біз арыз жазып жатқанымызды айттық. Сосын ағай бірден қолымыздағы қағазға жабысып, жабылып кетті. Сосын есікті жауып шығармай қойды. Мен есікті ашыңыз деп жақындаған кезімде мені ұрып, ұшырып жіберді. Мен талып қалдым дейді” -басшысынан зәбір көрген мұғалім Майра Момынқұлова.

Директордан таяқ жеген мұғалімді көрген әріптестері көмекке полицияны шақыртады. Сондай-ақ басшысынан таяқ жеген азаматша аудандық прокуратураға да арызданыпты.

Ал, мұғалімге қол көтерген директор Әділ Исаевтың өзі бұл ақпаратты теріске шығарды. Айтуынша, қоластындағы қызметкерлерге былай тұрсын: “Әйеліме де қол көтермеймін” деп ақталды. Мұғалімнің қолындағы арызды талап етуіне бірнеше жағдай себеп болыпты. Өйткені хатшы кабинетінде отырған мұғалімдер мектепке қажетті құжаттарға қол тигізді деп күдіктенген.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданындағы №52 мектебінде директор мен мұғалімдер арасындағы бұл алғашқы дау емес. Білім ұясындағы ұзтаздар мұның алдында басшысын жемқор деп айыптаған еді. Өйткені білім ұясында ұзтаздардан еш себепсіз үнемі ақша жиналады екен. Бір топ ұстаздар директордың сорақы әрекетін әшкерлеу үшін талай есікті тоздырған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз